contest-img

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры 2008 жылы дарынды қазақстандық жастарды қолдау және мойындау мақсатында арнайы сыйлық тағайындады. Бұл марапат еліміздегі ең беделді сыйлықтың бірі болып саналады және ғылым, мәдениет пен өнер саласындағы ерекше жетістіктер үшін беріледі.

Сыйлық келесі номинациялар бойынша табысталады:

• Мәдениет және өнер
Жаңа және бірегей шығармаларды, бағдарламалар мен жобаларды әзірлегені үшін. Қоғам тарапынан мойындалып, Қазақстанның мәдени өміріне елеулі үлес қосқан тұлғаларға.

• Жаратылыстану ғылымдары
Жаңа технология ойлап табу, өнертабыс, әзірлеу мен сынақтан өткізу үшін, сондай-ақ, теориялық және тәжірибелік маңызы жоғары ғылыми еңбектер топтамасы үшін.

• Гуманитарлық ғылымдар
Мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуына ықпал ететін жаңалығымен, өзектілігімен және тәжірибелік маңыздылығымен ерекшеленетін зерттеулер үшін.

Кімдер қатыса алады?

Байқау өтетін жылы 40 жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары.

Лауреат не алады?

Байқау жеңімпаздарына «Нұрсұлтан Назарбаев Қоры сыйлығының лауреаты» құрметті атағы беріледі әрі мынадай марапаттарға ие болады:

• диплом,
• төсбелгі,
• ақшалай сыйақы.

Тәжірибелі мамандар үшін бұл сыйлық олардың жоғары мәртебесінің дәлелі болса, жас таланттар үшін өзін республикаға танытуға деген мүмкіндік.

Байланыс нөмірі:

«Ғылым және техника» бағыты: Едігеева Роза Мақашқызы, +77273396538, roza@fnn.kz
«Өнер және мәдениет» бағыты: Исмаилов Тимур Мұратұлы, +77273396540, tismailov@fnn.kz

Бөлісу

    Нұрсұлтан Назарбаев Қорының сыйлығын алуға арналған байқау

    Әлеуметтік навигатор