Нұрсұлтан Назарбаев Қорының студенттік шәкіртақысына арналған республикалық байқау

Бұл байқау 2010 жылдан бері өткізіліп келеді және Қазақстанның дарынды жастарын қолдауға бағытталған. Шәкіртақы үлгерімі жақсы, белсенді азаматтық ұстанымы бар және болашағынан зор үміт күттіретін жас көшбасшыларды анықтау мақсатында тағайындалған. Бұл қолдау студенттердің жаңа жетістіктерге жетуіне және өзін-өзі дамытуына серпін береді.
Кімдер қатыса алады?
Байқауға жоғары оқу орындары мен өнер және мәдениет саласындағы орта арнаулы оқу орындарының күндізгі бөлім студенттері қатыса алады, егер олар:
• Кемінде екі оқу курсын сәтті аяқтаған болса.
• Жыл сайын жоғары академиялық көрсеткіштерге (үздік үлгерім) қол жеткізсе.
• Қоғамдық немесе ғылыми-зерттеу қызметіне белсенді қатысса.
• Республикалық немесе халықаралық байқаулар мен фестивальдерде жетістіктерге жеткен болса (бұл талап «Өнер және мәдениет» бағыты бойынша студенттерге қатысты).
Қатысу үшін студенттің гранттық немесе ақылы негізде оқитыны маңызды емес, бастысы жоғарыда аталған талаптарға сәйкес келуі керек.
Байқау жыл сайын өтеді, екі кезеңнен тұрады:
• Бірінші кезең (ЖОО ішіндегі іріктеу):
Жоғары оқу орнының ішінде ең үздік студенттер таңдалып, екінші кезеңге ұсынылады. Бұл кезең оқу жылы аяқталған соң және екінші кезең басталғанға дейін өткізіледі.
• Екінші кезең (республикалық іріктеу):
Қор ЖОО іріктеген студенттер арасында ұйымдастырады. Әдетте, екінші кезең шілде-тамыз айларында өтеді.
Байқау жеңімпаздары оқу жылы бойында ай сайын Нұрсұлтан Назарбаев Қорының шәкіртақысын алып, «Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиаты» атағына ие болады.
Байланыс нөмірі:
Жоғары оқу орындары студенттері үшін: Едігеева Роза Мақашқызы, +77273396538, roza@fnn.kz
Өнер және мәдениет саласындағы студенттер үшін: Исмаилов Тимур Мұратұлы, +77273396540, tismailov@fnn.kz
Нұрсұлтан Назарбаев Қорының студенттік шәкіртақысына арналған республикалық байқау