Өзгерістерді басқару жөніндегі салалық менеджерлер
Өзгерістерді басқару жөніндегі салалық менеджерлерді даярлау бағдарламасы Нұрсұлтан Назарбаев қоры мен Үкіметтің бастамасымен жүзеге асырылып жатыр
Бағдарлама мақсаты – Салалық мамандарды тарту және іріктеу, олардың ішінен экономиканың негізгі салаларын трансформациялау мәселелерін шешетін өзгерістерді басқару жөніндегі менеджерлерді оқытып, олардан командалар қалыптастыру.
Бағдарламаға қатысушыларды іріктеу кезеңі 2020 жылдың 15- ші ақпан мен 28-ші мамыр аралығында өтті. Жобаға қатысуға барлығы 2958 адам өтініш тапсырды. Үміткерлердің тəжірибесі мен біліміне сəйкес 230 адам іріктеуден өтіп, салалық командалар құрылды.
«Алдын ала іріктеу жасаған тәуелсіз сарапшылар үшін бұл қиын таңдау болды. Үміткерлердің әрбір тобы бойынша шешім шығарылды. Іріктелген қатысушылардың басым бөлігінің білімі халықаралық стандарттарға сай (56%). Ал 28 пайызы халықаралық компанияларда жұмыс жасап, тәжірибе жинақтаған. Қатысушылардың 70 % жеке меншік секторда жұмыс жасайды, ал қалған 30% мемлекеттік және мемлекеттік сыңайлы салада еңбек етеді» - деп «Елбасы Академиясы» КҚ Көшбасшылықты дамыту орталығының жетекшісі Гүлмира Раисова хабарлады.
Бағдарламаға қатысушылар жылдың соңына дейін 43 салалық мәселе бойынша шешім ұсынуы қажет. Жоба барлығы 11 саланы қамтиды: білім, барлау, су ресурстары, сауда және логистика, өнеркәсіп (соның ішінде жаңа өндірістер), құрылыс, аймақтық даму және қаланы басқару, денсаулық, медиа индустрия, ауыл шаруашылығы, туризм, мәдениет және спорт.
Қатысушылар тапсырманы сәтті орындау үшін мемлекеттік саясат және ойлау дизайны бойынша қосымша білім алады. Жобаны әзірлеу барысында қатысушыларға коучингтік қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар, жобаға ментор ретінде әр саланың белгілі тұлғалары: жетекші кәсіпкерлер, мемлекет және қоғам қайраткерлері тартылды. Бағдарламаға қатысуын 40-тан астам ментор растады. Олардың арасында:
- Сергей Терещенко - «Интеграция» халықаралық қорының басқарма төрағасы, Қазақстан Республикасының экс Премьер-министрі;
- Еркін Татишев - Kusto Group төрағасы және ортақ иегері;
- Алмаз Шарман – ҚР Профилактикалық медицина Академиясының Президенті;
- Кайрат Мажибаев - «Resmi Group» директоралар кеңесінің төрағасы
және тағы да беделді сарапшылар бар.
ҚР Премьер-Министрі Асқара Маминнің бірнеше жобаға ментор ретінде тартылуы, салалық командалар мақсатының маңыздылығын көрсетеді.
Менторлардың басты міндеті – салалық командалардың өз салалары бойынша жобалық шешім әзірлеуге және кейіннен оларды жүзеге асыруға көмектесу.
Бағдарлама тиімділігінің көрсеткіші – салалық мәселелер бойынша ұсыныстардың әзірленуі.
Қатысушыларға қойылатын талап:
- Ағымдағы жағдайға сараптама жасау,
- Стейкхолдерларды ізденіс жұмыстары барысындағы жетістіктерімен және өз ұсыныстарымен таныстыру.
Жоба стейкхолдерлары деп – салалық министрліктерді атаймыз. Бірақ, ең басты стейкхолдер – ол ҚР азаматтары.
Жоба 2020 жылы аяқталды.
Өзгерістерді басқару жөніндегі салалық менеджерлер
-
-