«Ozyq Urpaq» мектеп мұғалімдеріне арналған робототехника бойынша оқу бағдарламасы

«Ozyq Urpaq» - Қазақстан мектептерінде робототехника үйірмесін ұйымдастыруға бағытталған ауқымды білім беру жобасы. 2022 жылы іске қосылған бұл бағдарлама оқушылар арасында робототехника мен бағдарламалауды насихаттау, сондай-ақ мұғалімдердің біліктілігін арттыру мақсатында жүзеге асырылып келеді. 3 жыл ішінде жоба бес қалада 1900-ден астам оқушыны қамтыды.
Бағдарламаның мақсаттары
1. Балаларды робототехника және бағдарламалау негіздеріне үйрету, инновация мен инженерияға қызығушылығын арттыру.
2. Робототехника пәнінің мұғалімдерінің біліктілігін көтеру және заманауи оқыту әдістерін енгізу.
3. Елордалық және аймақтық оқу орындары арасында білім мен технология трансферінің платформасын құру.
4. Оқушыларды республикалық және халықаралық робототехника чемпионаттарына қатысуға ынталандыру.
Бағдарламаның алғашқы жылы (2022-2023 оқу жылы)
Бағдарлама алғашқы жылында екі қалада Семей мен Жезқазғанда 10 мектеп қамтылды.
Бағдарлама 2022 жылдың қарашасынан 2023 жылдың сәуіріне дейін созылды. Барлығы 694 бала оқытылды.
Бағдарламаның екінші жылы (2023-2024 оқу жылы)
Екінші жылы бағдарлама үш қалаға көбейді: Ақтау, Қостанай және Қызылорда.
15 мектептен барлығы 1254 бала оқытылды. Бағдарлама 2023 жылдың қарашасынан 2024 жылдың сәуіріне дейін өтті.
Бағдарламаның үшінші жылы (2024-2025 оқу жылы)
Қазіргі уақытта бағдарлама Өскемен, Ақтөбе және Орал қалаларында қолға алынған.
15 мектептен барлығы 822 бала білім алуда. Бағдарлама 2025 жылдың сәуіріне дейін созылады.
«Ozyq Urpaq» бағдарламасы үш жыл ішінде 2700-ден астам баланы робототехника және бағдарламалау негіздеріне үйретіп қана қоймай, Қазақстан өңірлерінде білім беруді жалғастырып жатқан мұғалімдер желісін қалыптастырды. Сонымен қатар, жоба білім беру робототехникасын дамытуға үлкен ықпал етіп, ұлттық жарыстарда олжалы болып жүрген 100-ден астам дарынды баланы анықтады.
«Ozyq Urpaq» мектеп мұғалімдеріне арналған робототехника бойынша оқу бағдарламасы