Жоба туралы ақпарат

Birge oqý - дамытушы пікірталас алаңы

Жауапты тұлғалар

Асанова Жазира Қанатқызы
"Birge oqý " жобасының үйлестірушісі
zh.assanova@elumiti.kz
Аршабаева Айжан Бірлікқызы
"Birge oqý " жобасының үйлестірушісі
a.arshabayeva@elumiti.kz

Birge oqý - мұғалімдерге қашықтан білім беруді қалай және неден бастау керектігін түсіндіретін көмекші және жөнсілтер. Онлайн білім берудің негізгі құралдарын, нұсқаулық пен техникасын көрсетіп, түсінікті айтып береді.


«Birge oqý» жобасының негізгі мақсаты – қазақстандықтардың қашықтан білім беру форматына көшуді мейлінше оңтайландыру, мүғалімдерге онлайн білім беру әлімінде көмек беру, ата-аналардың қорқынышын сейілтіп, дақпыртты болдырмау, балаларға сапалы білім алуға мүмкіндік беру.


Алаңды құру барысында көптеген жылдар бойы онлайн-білім беру саласында жұмыс істейтін, онлайн оқытудың ерекшеліктері мен қағидаларын білетін прогрессивті отандық мұғалімдердің тәжірибесі ескерілді. Қолданушылар үшін видео және аудио сабақтар, конспектілер мен тренажерлар ұсынылған.

Материалдар кері байланыс арқылы алынған ұсыныстарды қоса алғанда күнделікті жаңаланып, толықтырылады. Бұдан бөлек қатысушылар өз контентін құрып жариялай алады, тәжірибемен, кеңестерімен бөліседі, пікір таластарға, байқаулар мен сауалнамаларға қатысады.

Эмиоциялар күнделігін сілтемеге өтіп жүктеңіз.

Барлық процестер мессенджерлердегі, fpp.kz сайтының пікір талас алаңындағы топтар мен call-орталық арқылы кері байланыспен қамтамасыз етілген. Қолданушыларға ыңғайлы болу үшін Youtube, What’s App, Facebook, Instagram, Odnoklassniki, Telegram желілерінде парақшалар ашылды. Сондай ақ 7170 нөмірі арқылы сall-орталыққа (қоңырау шалу тегін) хабарласуға болады.