Astana Club
Astana Club – бұл жыл сайын белгілі саяси қайраткерлер, дипломаттар, сонымен қатар АҚШ-тың, Ресейдің, Қытайдың, Үндістанның, Еуропа елдерінің, Таяу Шығыс пен Азияның алдыңғы қатарлы «ақыл-ой орталықтарының» сарапшыларын біріктіретін халықаралық пікірталас алаңы.орталығы.

Astana Club – бұл жыл сайын белгілі саяси қайраткерлер, дипломаттар, сонымен қатар АҚШ-тың, Ресейдің, Қытайдың, Үндістанның, Еуропа елдерінің, Таяу Шығыс пен Азияның алдыңғы қатарлы «ақыл-ой орталықтарының» сарапшыларын біріктіретін халықаралық пікірталас орталығы.
Клубтың басты міндеті – жалпы әлемге және жекелей Еуразия аумағына әсер ететін жаһандық үрдістерді талқылау мен ең өзекті мәселелердің шешімін табу.
Astana Club ұйымдастырушылары – Нұрсұлтан Назарбаев Қоры және Қор аясында қызмет ететін Әлемдік экономика және саясат институты (ӘЭСИ).
2015 жылдан бастап Клуб алаңында еуразиялық мегаконтинент дамуының сұлбасын қалыптастыратын негізгі трендтер талқыланды. Олардың ішінде әлемдік және аймақтық державалардың бәсекелестігі, әскери-саяси шиеленістің күшеюі, сауда мен санкцияларға қарсы тұру, халықаралық лаңкестік, көші-қон және экология мәселелері болды.
Қазақстан өзара қарсыластар мен бәсекелестерді қоса алғанда, халықаралық қатынастардың барлық қатысушылары үшін ашық диалог орнатуға тәуелсіз және бейтарап алаңы болып табылатынын тағы да растап отыр. Осы орайда, Astana Club Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясатының жарқын көрінісі болып табылады.