Ұлттың мәдени коды
«Ұлттың мәдени коды» бастамасының негізгі атқарушысы - 2008 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Мемлекеттік тілді дамыту» қоры.

«Мемлекеттік тілді дамыту қоры» КҚ негізгі постулаты - Республиканың ұлттық мұрасын, қазақ мәдениетінің негізі – қазақ тілін сақтауға және қорғауға ықпал ету.
Қордың негізгі мақсаты - қазақ тілін кеңінен насихаттау, қазақ тілін үйренудің инновациялық оқу бағдарламаларын енгізу, қазақ халқының мәдени, әдеби, рухани жетістіктерін кеңінен насихаттау, сандық білім беру ресурстарын дамыту, әлемдік қоғамдастықта мемлекеттік тіл мен қазақ әдебиетінің әлеуетін қолдау және насихаттау, шет елдегі қазақ азаматтарына ана тілін сақтауға және үйренуге және Қазақстандағы шетел азаматтарына тілді үйренуге көмектесу.
Қор құрылған уақыттан бері 200-ден астам тілдік, мәдени және білім беру жобалары сәтті жүзеге асырылды.
Қордың негізгі мақсатты аудиториясы - мектепке дейінгі мекемелердің оқушылары, орта білім беру мектеп оқушылары, колледж және университет студенттері, этномәдени бірлестік жастары.
Әлеуметтік навигатор
Жобалар

Resmihat.kz
Іскерлік әкімшілендіруде, мемлекеттік басқаруда пайдаланылатын мемлекеттік тілде іс жүргізуді сауатты жүргізуге, ресми-іскерлік қазақ тілін оқытатын ақпараттық-анықтамалық портал.

Abaialemi.kz
Ұлы ойшыл Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы интернет-портал.

Тәтті алма
Жоба балаларға арналған көркем шығармалар жинағын, сондай-ақ мультфильмдер, ертегілер,жаңылтпаштар, жұмбақтар, конкурстар және ата-аналарға арналған арнайы бөлімді қамтиды.

Qazaq Latyn Keyboard жобасы
«Qazaq Latyn Keyboard» жобасы қазақ тілін латын пернетақтасы арқылы барлық мобильді қосымшаларда қалыпты қолдануға мүмкіндік береді.

“Жетi қазына” мобильді қосымшасы
«Жеті қазына» - қазақ халқының тарихындағы қызықты фактілер, аңыздары мен мәдени дәстүрлеріне арналған мобильді қосымша.

Qazaqstan 3D
«Qazaqstan 3D» - Қазақстанның ең танымал туристік орындары туралы ақпарат орналастырылған заманауи веб-сайт және мобильді қосымша.

«Кім Білгіш» мобильді қосымшасы
«Кім білгіш?» интеллектуалды ойыны мобильді қосымша түрінде ұсынылған, оның базасында әртүрлі тақырыптарға 35 000-нан астам сұрақ бар

«Үздік қазақ тілді интернет-сайт сыйлығы» байқауы
Интернет жүйесіндегі үздік қазақтілді ресурстарды анықтау мен насихаттау және интернет ресурстардың саны мен сапасын жақсартуға үлес қосып жүрген отандық қазақтілді сайттарды қолдау мақсатында жыл сайын өткізілетін байқау.

Soyle.kz
Тегін онлайн қазақ тілі курсы.

«Менің Қазақстаным» мобильді қосымшасы
«Менің Қазақстаным» — еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігі зор көпшілікке арналған мобильді қосымша.

Ұлы дала аңыздары
Отандық туындыларға арналған графикалық комикстер сериясы.

Bala.soyle
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған қашықтан оқыту онлайн-сервисі.

«Бала дауысы» ұлттық балалар ән байқауы
Жобаны жүзеге асыру барысында музыкалық репертуарды кеңейту, отандық жас композиторлар мен ән авторларын қолдау мақсатында жаңа балалар әндерінің жинағы жасалады.