Шымкентте өткен ІІ Халықаралық жас ғалымдар мен студенттер форумы 300-ден астам адамның басын қосты
Бұл жолы ғылыми іс-шара Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының 45 жылдығына арналды. Оған Қазақстан, Үндістан, Иран, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстаннан жас ғалымдар қатысты. Осылайша, форум отандық ғылым мен білімнің шетелдік жетекші жоғары оқу орындары және ғылыми ұйымдармен ынтымақтастықтың арқасында нығайып жатқанын көрсетті.