Нұрбек Халматай: Қор стипендиясы – бұл ғылыми-зерттеу жобаларына қатысуға шабыт береді
Нұрбек Халматай Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың «Computer Science» мамандығында оқиды. Біздің стипендиат ІТ, Data Science және Machine learning, генеративті жасанды интеллект саласына қызығады, сонымен қатар спорттық бағдарламалаумен айналысады.
Қордың стипендиаты Аружан Маратова: Арманыңызға сеніңіз!
Аружан Маратова М.Төлебаев атындағы музыка училищесінде 3-курста «Халық көркем шығармашылығы – көркемөнерпаздар хореографиялық ұжымының жетекшісі» мамандығы бойынша оқиды. Бойжеткен хореографиямен бірге фотографиямен, бейнемонтажбен айналысып, саяхаттап, әлемді танып біледі.
Ақмола облысында «El Umiti-2024» лагерінің тренингтері мен шеберлік дәрістері басталды
17 маусымда Ақмола облысының Зеренді ауылында орналасқан «Сұңқар» сауықтыру кешенінде «El Umiti-2024» жазғы білім беру лагері салтанатты түрде ашылды. Іс-шараға Н.Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы, «El Umiti» Корпоративтік қорының басшысы Асланбек Әмрин, Зеренді ауданы әкімінің орынбасары Жүсіпов Қанат Амантайұлы және Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Оразалин Шоқан Жетпісбайұлы қатысты.
Алматыда тәуелсіз Қазақстан тарихының бетбұрыс кезеңдеріне арналған дөңгелек үстелдер сериясы өтіп жатыр
Алматыда «Халықаралық әлеуметтану және саясат институты» қоғамдық қоры 1993 жылғы Конституциядан 1995 жылғы Конституцияға көшуге, оны әзірлеуге, қабылдауға және дамытуға арналған дөңгелек үстел өткізді.
Қор стипендиаты Ерболат Болатов: Энергия, шығармашылық және әлемге деген ерекше көзқарас – бұл жарқын болашақ құруға қажет нәрсе
Ерболат Болатов Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Тарих» факультетін бітірген. Тарихи зерттеуге, саясат, демография мен археологияға қызығады. Спортпен де шұғылданады. Биыл Сочи қаласында өткен Дүниежүзілік жастар фестиваліне қатысқан, білім, ғылым, спорт және мәдениетке қосқан үлесі үшін «ТМД-ның үздік студенті-2023» медалімен, сондай-ақ I дәрежелі дипломмен марапатталған. Патриотизмі мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін «Қазақстан патриоттары» қоғамдық медалімен марапатталған. Барнаулдағы түркітанушы және алтайтанушы жас ғалымдар кеңесінің мүшесі.
Қостанайдағы жаңа ерте араласу орталығы: балалардың сапалы түрде оңалуына қадам
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Қостанай қаласының облыстық балалар ауруханасында ерте араласу бөлімшесі салтанатты түрде ашылды.
Президенттік орталықта Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік қойылым ұйымдастырылды
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырды.
Әлеуметтік идеялар жәрмеңкесінде ҮЕҰ арасындағы гранттар байқауының жеңімпаздары анықталды
Қазақстанда ҮЕҰ-ның 10 әлеуметтік жобасы пайда болады. Олардың авторы Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мұрындық болған «Қазақстандықтардың білімін арттыру — әл-ауқаттың өсуіне жол» Әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауының жеңімпазпазы атанды. Байқаудың басты мақсаты – нақты әлеуметтік және қоғамдық мәселелерді шешетін белсенді ҮЕҰ-ны қолдау.
Үкіметтік емес ұйымдарға тең мүмкіндік пен қолдау: Алматыда әлеуметтік идеялар жәрмеңкесі басталды
Бүгін-ертең, екі күн бойы үкіметтік емес сектордың 50 өкілі идеясы мен жобасын қазылар алқасының сотына ұсынады. Үздік әлеуметтік бастамалар мен шешімдерді жүзеге асыру үшін Нұрсұлтан Назарбаев Қорынан грант алады.
Мотивация және коммуникация: ҮЕҰ өкілдеріне Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінде не үйретіледі
27-28 мамыр аралығында онлайн форматта өтетін Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі барысында ҮЕҰ өкілдеріне мотивацияны дамытуға және БАҚ-пен тиімді коммуникация жасау үйретіледі. Тренингтерге жәрмеңке финалистерінен басқа барлық ниет білдіруші қатыса алады.
Астанада «Диалог өнері» халықаралық көрме жобасы жүзеге асырылып жатыр
2024 жылы 20-22 мамырда Халықаралық музейлер күніне арналған «Музей апталығы» аясында Тұңғыш Президент музейіндегі іс-шаралар легі жалғасып келеді.
Қазақ балетінің 90 жылдығы Қастеев музейінде атап өтілді
Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Qazaq Ballet креативті зертханасы ұйымдастырған «Қазақ балеті: 90 жылғы тарих» картиналар көрмесі ашылды. Көрмеде Қазақстанның кәсіби хореографиялық өнеріндегі 90 жыл бойы қойылған тарихи және заманауи ұлттық спектакльдердің реконструкциясы ұсынылған.
Астанада «Музей апталығы» басталды
Астанада 2024 жылы 17-24 мамыр аралығында Тұңғыш Президент музейі Халықаралық музейлер күніне арналған «Музей апталығын» өткізеді.
Astana IT University-де зияткерлік ақпараттық жүйелер мен технологиялар халықаралық конференциясы өткізілуде
Астанада 2024 жылдың 15-17 мамыр аралығында Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен Astana IT University-де 2024 4th IEEE Smart Information Systems and Technologies (2024 IEEE SIST) халықаралық конференциясы өтіп жатыр.
Алматыда «The zoo story» спектаклінің тұсауы кесілді
«FreeДа» театрында көрнекті американдық классик және драматург Эдвард Олбидің пьесасымен аттас «The zoo story» спектаклінің тұсауы кесілді. Жоба Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен жүзеге асты. Қойылым режиссері Яна Феникс шығармашылық жобаларды жүзеге асыру үшін гранттар байқауы жеңімпазының бірі атанған.
Астанада "Атыс қаруы: тапанша тарихы" көрмесі ашылды
Көрме Қазақстан Республикасының президенттік орталығында орналасқан, ол Отан қорғаушы күніне, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні және Рақымжан Қошқарбаев пен Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына арналған.
Әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауының екі кезеңі қорытындыланды
«Қазақстандықтардың білімін арттыру — әл-ауқаттың өсуіне жол» Әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауының екі кезеңінің нәтижесі бойынша жобаның үздік 50 финалисі анықталды. Олар өздерінің инновациялық идеясын Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінде онлайн форматта ұсынады.
Астанада «Robotek Grand Tournament» халықаралық чемпионаты өтіп жатыр
Астанада «Robotek Grand Tournament» халықаралық чемпионаты өтіп жатыр, бұл отандық робототехникадағы басты іс-шараның бірі. «Robotek» робототехника мектебі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ұйымдастырған чемпионат 2024 жылы 2-3 мамырда өтіп жатыр.
Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстанның 114 командасы «Robotek Grand Tournament-2024» чемпионатына қатысады
2024 жылғы 2-3 мамырда Астанадағы Президенттік орталық ғимаратында Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен «Robotek» робототехника мектебі және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Robotek Grand Tournament» халықаралық чемпионатын өткізеді.
Қор стипендиясы — дарында жастарды тану және қолдау
Нұрсұлтан Назарбаев Қорының басты жобасының бірі студенттік стипендиялар байқауы. Бұл елдің белсенді әрі дарынды студенттерін анықтауға, ынталандыруға көмектеседі. Стипендиаттар ғылымда, шығармашылықта және әлеуметтік пайдалы істе қабілетін көрсететін оқу үздіктері. Олар үшін стипендия жетістіктерін мойындау ғана емес, сонымен қатар олар дамуды және өзін-өзі жетілдіруді жалғастыру үшін пайдаланатын материалдық қолдау.