news-img

«Елбасы Медалі»  жастар жобасына қатысуға алдын-ала өтініштер қабылдау  басталғанына аз күн өтсе де, өтінімдерді толтырып,  жоба туралы қосымша ақпаратты сұрап жатқандардың қарасы көп.

Назарларыңызға ең көп қойылған сұрақтар мен олардың жауабын ұсынамыз.

Мен тіркелдім, енді не істеуім керек?

Алдын-ала өтінім қабылдау әлі жалғасып жатыр. Кейін www.fpp.kz сайтында әрі қарай атқарылуы тиіс қадамдардың нұсқаулығы жарияланады.

Маған қашан хабарласады?

Біз ол туралы алдын-ала тіркеу аяқталғаннан кейін хабарлаймыз. Ақпарат www.fpp.kz   сайтында және Instagram, Facebook әлеуметтік желісінде таратылады.   

«Елбасы Медалі» жобасы бойынша ескертпе хабарламаларды қалай алуға болады?

Ескертпе хабарламалар порталда қатысушы ретінде тіркелгеннен кейін келе бастайды. Тіркелу 2020 ж. 1-20 маусым аралығында өтеді. 

Жоба қашан басталады?

Жобаның ресми басталу мерзімі - 1 шілде 2020 ж.

Өтінімді толтырудың соңғы күні?  

Жобаға тіркелу 2020 ж. 1-20 маусым аралығында өтеді. 

Бірден бірнеше бағытты таңдауға болады ма?  Қанша бағытқа дейін таңдауға рұқсат етілген?

Қатысушы алдымен деңгейдің бірін таңдайды: «Алтын», «Күміс», «Қола».  Әр деңгейдің өзінің талаптары бар. Барлығы 7 бағыт бар. 
Әр деңгейдің өзінің өту мерзімі мен бағыттары анықталған. «Қола» мен «Күміс» деңгейді таңдағандар келесі бағыттар бойынша тапсырмалар алады:

  •  «Спорт және дене шынықтыру»
  • «Кітап оқу»
  • «Дарын мен дағды»
  • «Еріктілік»
  • «Туристік саяхаттар»
  • «Ұлттық мұра».

«Алтын» деңгей бойынша «Еңбек тәжірибесі қосылады». «Қола» деңгейінің талаптарын орындау үшін - 6 ай, «Қола» деңгейге – 12 ай,  «Алтын» деңгейге – 18 ай мерзім белгіленген.   

Егер менің  жасым 16-дан асқан  болса, мен «Алтын»  деңгейді таңдауым керек пе?

Жоқ. Әркім  кез-келген деңгейден бастау алады. «Қола», «Күміс», «Алтын» деңгейлерді кезегімен өтуге де болады. Сондай ақ «Алтын» деңгейге бірден тіркелсең де болады.

Кейін деңгейді өзгерте аламын ба?

Тапсырмаларды орындау барысында деңгей өзгертілмейді

Деңгейлердің айырмашылығы неде? Олар не береді?

Әр деңгей білгілі бір жас деңгейіне арналған.  «Қола» деңгей 14 жастан жоғары қатысушыларға арналған.  «Күміс» - 15 жастан жоғары қатысушылар қатыса алады. «Алтын» деңгейді 16 жастан жоғары қазақстандықтар таңдай алады.  Әр деңгейдің талаптарын орындау нәтижесімен қатысушылар қола, күміс, алтын медальдармен марапатталады. Өз деңгейін өткеннен кейін қатысушы жаңа білімге қанығады, жаңалықтар ашады, құрдастарымен танысады. Біз жобаға қатысушылардың өзіне деген сенімі артып, олар мақсатқа жету жолдарын табады деп сенеміз.

Тәлімгерді таңдауға қанша уақыт беріледі?

Тіркелгеннен кейін  сенің тұрғылықты жеріңе немесе оқитын орныңа қарай саған тәлімгер ұсынылады. Тәлімгер  сенімен өзі байланысады.

ТЖ кезінде «Спорт», «Дене шынықтыру»  бағыттары бойынша тапсырманы қалай орындаймыз?

ТЖ режимі тоқтатылды. Спортпен айналысуға шектеулер жоқ.

Журнал толтыруға дедлайн белгіленген бе? Егер үлгірмесем/интернет болмаса/қолым тимесе не болады?

Журналды апта сайын толтыру керек. Егер дәлелді себеп болса, тәлімгерді ескерту міндетті.

Жоба бойынша қосымша сұрақтар үшін 7170 нөмірінде call-орталық қызмет көрсетеді. Қоңырау шалу тегін.   

Түсініктеме қалдыру
comments-author-avatar
Сәлеметсізбе . Мен колледжде мұғаліммін . Маған қандай бағытта кетеді.

comments-author-avatar
👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻

comments-author-avatar
Салынған видеоны қалай удалит етуге болады???