Біздің Миссиямыз – талантты жастарға көмек көрсету, қоғамдық маңызды әлеуметтік жобаларды қолдау арқылы қоғамның шексіз әлеуетін дамыту.

Біз ғылым және өнер жолындағы талантты жастарды қолдау үшін жан-жақты қолайлы жағдай жасауға тырысамыз.

Қазақстандық қоғамдағы маңызды әлеуметтік мәселелерді шешетін үкіметтік емес ұйымдардың жобаларын жүзеге асыруға ықпал етеміз.

Біз саясат, экономика, халықаралық қатынастар және қауіпсіздік секілді мәселелер бойынша диалог тұғырнамасын қалыптастырамыз.

Миссиямыз арқылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басты идеяларына қазақстандықтардың қазіргі және болашақ ұрпақтарының бейілділігін нығайтуға тырысамыз.

Өз жұмысымызда барлық мүдделі тараптарға ашықпыз.