1-бөлім. Жалпы ережелер

1.1. Нұрсұлтан Назарбаев Қорының өркендеу - онлайн платформасы (бұдан әрі – Портал) дарынды жастардың өз-өзін жетілдіруіне мүмкіндік жасап, қоғамдық маңызы бар әлеуметтік жобаларды қолдай отырып, қоғамның шексіз әлеуетін дамытуға арналған ашық онлайн алаң болып табылады.

1.2. Порталды модерациялау саясаты (бұдан әрі – Модерациялау саясаты) порталдың Әкімшілігі тарапынан  Портал сервистерін пайдалану шеңберінде пайдаланушылар мен процеске қатысушылардың қызметін регламенттеу мақсатында әзірленді.

1.3. Модерациялау саясаты материалдарды (бұдан әрі – «Контент») орналастыруға, Порталда қауымдастықтарды қалыптастыру және әкімшілендіруге қатысты Порталдың барлық пайдаланушылары орындауға міндетті бірқатар қағидаларды қамтиды. Қағидалар, сондай-ақ Портал пайдаланушыларының қызметі нәтижесінде құқықтары мен мүдделері қозғалуы мүмкін үшінші тұлғалармен байланысты қатынастарға қолданылады.

1.4. Модерациялау саясатының қолданыстағы редакциясы Интернет желісінде www.fnn.kz мекенжайы бойынша орналасады. Аталмыш редакция Порталдың әкімшілігі тарапынан Портал Пайдаланушыларын алдын ала ескертпестен өзгерте және/немесе толықтыра алады. Пайдаланушының Модерациялау ережесіне толықтырулар және/немесе өзгерістер енгізілгеннен кейін Портал аясындағы қызметін жалғастыруы Портал Пайдаланушысының оның жаңа қағидаларына келісімін білдіреді.

1.5. Порталда сервис ұсынатын Серіктес (бұдан әрі – Серіктес) Портал Әкімшілігімен серіктестік туралы келісім жасасқан жеке және заңды тұлғалар болып табылады. Сервис Серіктес тарапынан Ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес жүзеге асырылады.

2-бөлім. Негізгі мақсаттар

2.1. Контентті жариялау, қауымдастықтарды қалыптастыру және әкімшілендіру тәртібі мен ерекшеліктерін айқындайтын ережелердің бірыңғай жиынтығын бекіту.

2.2. Порталда жарияланатын контенттің мазмұны мен сапасына қатысты Портал пайдаланушылары жол беретін ереже бұзушылықтардың ықтиималды түрлерін құрылымдау.

2.3. Модератор іс-қимылын қажет ететін «Қажетсіз» және «Тыйым салынған контент» ұғымдарының мағынасын ашу.

3-бөлім. Қағидалар

Азаматтардың Порталға жариялаған барлық контенті модерациядан өтеді.

3.1.  Пайдаланушының Порталды пайдалануы барысында жүктелген және келесі сипаттамаларға ие ақпарат қажетсіз және тыйым салынған контент ретінде танылады:

  • әдепсіз, тұрпайы, порнографиялық сипатқа ие;
  • балағат және дөрекі сөздері бар, қазақ және орыс тілдерінің тазалығын бұзады;
  • ар-намысқа, абыройға және іскерлік беделге нұқсан келтіреді, дәрежесін түсіреді, тіл тигізеді, қоқан-лоққы көрсетеді, Портал Пайдаланушылары мен үшінші тұлғалардың жеке өмірі мен құқықтарына қол сұғады;
  • зорлық-зомбылық, жануарларға қатысты дөрекілік таныту көріністері бар, қылмыстық қызметті насихаттайды немесе қылмысқа итермелейді;
  • ұлтаралық өшпенділік немесе араздықты (лаңкестік, нәсілшілдік, шовинизм) өршітуге ықпал етеді, фашизмді немесе басқа да экстремистік идеологияны насихаттайды;
  • есірткі мен шылым шегу туралы ақпаратты, олардың жарнамасын қамтиды, өмір үшін қауіпті екенін және қолданудың ауыр салдарын жасырады;
  • спам, яғни басқа Пайдаланушылардың алуға келісімінсіз коммерциялық, саяси немесе басқа да жарнамалық ақпаратты жаппай тарату болып табылады;
  • басқа да тәсілдермен Портал пайдаланушуларының құқықтары мен мүдделерін немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын бұзады.

3.2. Модерация ережесіне сай келесі тақырыптарда/санаттарда/бағыттарда қауымдастық құруға рұқсат етіледі:

  • Білім
  • Өнер
  • Денсаулық сақтау
  • Технологиялар
  • Көшбасшылар
  • Бағдарламалау
  • Ауыл шаруышылығы
  • Туризм, мәдениет және спорт
  • Аймақтық даму және қалаларды басқару
  • Сауда және логистика
  • Құрылыс
  • Өнеркәсіп
  • Су ресурстары
  • Геологиялық барлау
  • Медиа индустрия

Жоғарыда көрсетілген тақырыптарға/санаттарға/бағыттарға сай келмейтін контент модератормен бұғатталуға рұсат беріледі.

3.3. Модератор Пайдаланушылардың Сайтта жарияланған барлық материалдарын модерациялау, яғни осы материалдардың мазмұны мен сапасын бақылау және қажет болған жағдайда, осы Модерация қағидаларына сәйкес ескертусіз және себептерін түсіндірмей, оларды алып тастау немесе орнын ауыстыру құқығын иеленеді.

3.4.  Портал аясындағы қызметі аталмыш қағидаларға қайшы келетін Пайдаланушыға ықпал ету шарасы Модератордың қарауына қарай анықталады және Портал Пайдаланушысын алдын ала немесе кейін ескертпестен қажетсіз/тыйым салынған контентті жасыра немесе өшіре алады.

4-бөлім. Пайдаланушының құқықтары мен міндеттері

4.1. Порталға тіркелу барысында Пайдаланушы Пайдаланушы келісімімен және Модерациялау саясатымен танысып, Порталды пайдаланумен және оның жұмыс жасауымен байланысты аталмыш құқықтар мен міндеттерді өз мойнына алуға міндетті.

4.2. Тіркелгеннен кейін Пайдаланушы Портал сервисін пайдалану және Портал ішіндегі ақпараттық кеңістікті жеке коммерциялық емес мақсатта пайдалану құқығын иеленеді.

4.3. Пайдаланушы Портал бөлімдерінде контент жасаумен, жариялаумен, сақтаумен және берумен байланысты өз қимылдары үшін Пайдаланушы келісіміне, Модерациялау саясатына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес толықтай жауапкершілік көтереді.

4.4 Егер сіз веб-нысанды толтыру немесе электронды хат жіберу сияқты әдістерді пайдалана отырып, Порталда жеке деректерді ұсынуға бел бусаңыз, ақпарат Портал сервисін толық функционалды мазмұнда ұсыну үшін пайдаланылатын болады. Қажетті деректер Портал серіктестеріне сіздің сұраныстарыңызды қанағаттандыру үшін қызмет көрсету аясында берілуі мүмкін. Үшінші тұлғалар сіз үшін сервисті жақсартуға қатысатын жағдайды қоспағанда, Сіздің жеке деректеріңіз үшінші тұлғаларға берілмейді.

Мобильді қосымшаны модерациялау саясаты

1 бөлім. Негізгі мақсаттары

1.1 Мобильдік қосымшаға контент орналастыру тәртібі мен ерекшеліктерін айқындайтын ережелердің бірыңғай жинағын бекіту

1.2 Мобильді қосымшада орналастырылатын контенттің мазмұны мен сапасына қатысты Мобильді қосымшаны пайдаланушылар жол берген бұзушылықтардың ықтимал түрлерін құрылымдау

1.3 Модератордың әрекетін белсендіретін «Жағымсыз» және «Тыйым салынған контент» ұғымдарының мағынасын ашу

2 бөлім. Ережелер

Осы Мобильді қосымша арқылы келіп түскен пайдаланушылардың барлық шағымдары модерацияға жатады.

2.1. Жағымсыз және тыйым салынған контентке пайдаланушы Мобильді қосымшаны пайдалану кезінде жүктеген және келесі сипаттамаларға ие ақпараттар жатқызылады:

  • әдепсіз, дөрекі, порнографиялық сипатқа ие;
  • балағат сөздер, дөрекі сөздер бар, орыс немесе қазақ тілінің тазалығын бұзатын ақпарат;
  • ар-намысқа, қадір-қасиетке және іскерлік беделге нұқсан келтіретін, сенімді жоятын, қорлайтын, қатер төндіретін, басқа Пайдаланушылар мен үшінші тұлғалардың жеке өмірі мен өзге де құқықтарын бұзатын ақпарат;
  • зорлық-зомбылық, жануарларға қатыгездік жасау көріністерін қамтыған, қылмыстық әрекеттерді насихаттайтын немесе қылмыстық әрекеттерге итермелейтін ақпарат;
  • ұлтаралық араздық немесе өшпенділік (терроризм, нәсілшілдік, шовинизм) тудыруға ықпал ететін, фашизм немесе өзге де экстремистік идеологияларды насихаттайтын ақпарат;
  • есірткі және темекі шегу туралы ақпарат, олардың жарнамасы бар ақпарат, өмірге қауіп төнгені және қолданудың салдары жасырылған ақпарат;
  • спам болып табылатын ақпарат, яғни коммерциялық, саяси немесе басқа жарнамалық ақпаратты басқа Пайдаланушылардың оны алуға келісімінсіз жаппай таратылған ақпарат;

2.2 Модератор Пайдаланушылар мобильді қосымшада орналастырған барлық материалдарға модерация жүргізу құқығын сақтайды, яғни осы материалдардың мазмұны мен сапасын бақылайды, сондай-ақ қажет болған жағдайда, өз қарауына қарай ескертусіз және себептерін түсіндірместен алып тастайды

2.3 Мобильді қосымша аясында қызметі аталған ережелерге қайшы келетін Пайдаланушыға әсер ету шарасы Модератордың қарауына қарай анықталады және Мобильді қосымшаны Пайдаланушыны алдын ала немесе кейіннен ескертусіз жағымсыз/тыйым салынған контентті жасыруды немесе жоюды қамтуы мүмкін

3 бөлім. Пайдаланушының құқықтары мен міндеттері

3.1. Мобильдік қосымшаға тіркелу кезінде Пайдаланушы Мобильдік қосымшаның жұмыс істеуін пайдалануға байланысты көрсетілген құқықтар мен міндеттерді қабылдап, Модерация саясатымен танысуға міндетті

3.2. Пайдаланушы тіркелгеннен кейін қауымдастықтар құруға, посттар жариялауға, іс-шараларға қатысуға, Мобильді қосымша ішіндегі жаңалықтар мен посттарды оқуға құқылы

3.3. Пайдаланушы Модерация саясатына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, Мобильді қосымшаның көрсетілген бөлімдерінде контент жасауға, орналастыруға, сақтауға және беруге байланысты өзінің іс-әрекеттері үшін толық жауапты болады