Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – 1991 жылдың 1 желтоқсанында бірінші бүкілхалықтық сайлауда сайланған Қазақстанның Тұңғыш Президенті.
Әр мемлекет өз тарихында тәуелсіздігін және даму жолынан өту мүмкіндігін алуға ұмтылады. Қазақстан Республикасы 90-жылдары қиын жағдайда болды. Біздің азаматтарымыздың осы қиын уақытта тап болған басты сынағы — айқын болашақтың болмауы, экономика мен саяси жүйелердің күйреуі. Тұңғыш Президенттің қызметіне және қызмет сапасына елдің қашан қысылтаяңнан өтетіні және гүлденуге өз бетімен қадамдар жасайтыны тәуелді болды.
Тұңғыш Президент ойластырған саясат пен оның көшбасшылық сипаты Қазақстан экономикасын әлем бойынша экономикасы ең тез дамыған елдердің бірінің дәрежесіне жеткізді. Тұңғыш Президенттің жеке үлесі және халықтың қуатты қолдауының арқасында әлемдік қауымдастықта «Қазақстандық даму моделі» кеңінен таралды. Бұл модель терең ойластырылған бағыт бойынша біртіндеп және сенімді дамуға негізделеді.
Біз әлемнің барлық мемлекеттерімен жақсы қарым-қатынас орнаттық және көп ұлтты Қазақстанда бейбітшілікті сақтадық. ЕҚЫҰ-да төрағалық ету, Қысқы Азия ойындарын өткізу, индустриалды-инновациялық бағдарламаларды жүзеге асыру, Астананы салу, экономиканы көтеру, EXPO-2017 халықаралық көрмесін сәтті өткізу, халықаралық аренада елдің мүлтіксіз беделі – мұның бәрі Қазақстанның Тұңғыш Президентінің басқаруымен жүзеге асырылды және оның атымен байланысты.
Тұңғыш Президент Қоры 2000 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке бастамасы бойынша құрылды. Бүгінде Қор адам капиталының бәсекелесу қабілетін арттыруға және қазақстандық жаңа ұрпақтың қалыптасуына бағытталған Тұңғыш Президент идеяларын мақтанышпен жүзеге асырып жатыр.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Әбіш және Әлжан Назарбаевтардың отбасында Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген.
Жұбайы – Сара Алпысқызы Назарбаева. Нұрсұлтан Әбішұлының үш қызы бар.
ЕҢБЕК ЖОЛЫ
1960 жылдан 1969 жылға дейін Н.Назарбаев Қарағанды металлургия комбинатында жұмыс істеді.
1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы ЖТОО тәмамдады.
ПАРТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
Н.Назарбаев өндіріс озаты болды және әріптестерінің арасында үлкен бедел иесі атанды. Болашақ Президент алдында жаңа белестер көрініп, 1969 жылы Н.Назарбаев өзінің партиялық және қоғамдық қызметін бастады.
1969 жылдан 1973 жылға дейін – Қарағанды облысының Теміртау қаласында партиялық, комсомолдық жұмыста.
1973-1977 жылдары — Қарағанды металлургия комбинатында партком хатшысы.
1977 жылдан 1979 жылға дейін — Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, екінші хатшысы.
1979-1984 жылдары — Қазақстан Компартиясының Орталық комитетінің хатшысы.
1984 жылдан 1989 жылға дейін — Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесінің Төрағасы.
1989-1991 жылдары — Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы. 1990 жылдың ақпанынан сәуірге дейін бір уақытта Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы.
ПРЕЗИДЕНТТІК
1990 жылы 24 сәуірде Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-і Президентінің лауазымын тағайындады. Нұрсұлтан Назарбаев республиканың Жоғарғы Кеңесінің сессиясында Қазақстан тарихында тұңғыш рет президент болып сайланады.
1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш бүкілхалықтық сайлау өтті, нәтижесінде Н. Назарбаев сайлаушылардың 98,7 пайызынан қолдау тапты.
1995 жылдың 29 сәуірінде бүкілхалықтық референдум нәтижесінде Н.Назарбаевтың Президент өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды.
1999 жылдың 10 қаңтарында сайлаушылар дауысының 79,78 пайызын алып, балама негізде Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.
2005 жылдың 4 желтоқсанында сайлаушылар дауысының 91,15 пайызын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.
2011 жылдың 3 сәуірінде сайлаушылар дауысының 95,5 пайызын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.
2015 жылдың 26 сәуірінде өткен сайлауда сайлаушылар дауысының 97,75 пайызын алып, жеңіске жетті.