Нұрсұлтан Назарбаев Қоры - елдегі ең ірі коммерциялық емес қор, оның қызметі кәсіби басқару және барлық жобаның жүйелілігі қағидаттарына негізделген. 
 
Қор 2000 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке бастамасымен құрылды. Бүгінде біз Қазақстанның Тұңғыш Президентінің адами капиталдың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және қазақстандықтардың жаңа буынын қалыптастыруға бағытталған идеясын мақтанышпен іске асыра отырып, жобаларымызды жүзеге асырып келеміз. 
 
Қордың жұмысы дарынды жастарды қолдауға, әлеуметтік жобалар мен азаматтық бастамаларды дамытуға, сондай-ақ бәсекеге қабілетті сараптамалық-талдау орталығын дамытуға бағытталған.


Бөлісу