image-main

Байқаудың өткізілу уақыты: 15.03.2019 - 10.05.2019

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры жыл сайынғы республикалық «Nazarbayev Fund Schools Challenge – 2019» конкурсына қатысуға өтінімдер қабылдаудың басталғандығы туралы жариялайды.

Конкурсты Қор және ҚР Әділет мининстрлігі, Назарбаев университеті, «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК және Крэнфилд Университеті (Ұлыбритания) бірігіп ұйымдастырды.

Ол қазақстандық мектеп оқушыларының зияткерлік потенциалын ынталандыру мен қолдауға, олардың зияткерлік әрекет өнімдерін жасауға деген қызығушылығын арттыруға және қоғамды жастардың шығармашылық, ғылыми жетістіктерімен таныстыруға бағытталған.

Конкурс қатысушылары техникалық және инженерлік мамандықтар: көлік және логистика, мұнай және газ, машина құрастыру, сәулет және құрылыс, шикізат алу және қайта өңдеу, биотехнологиялар, химиялық өнеркәсіп, IТ, робототехника және басқа да  салалардағы жұмыстарын әділ-қазылар алқасының қарауына ұсына алады.

Конкурстың тақырыбы жыл сайынғы негізде, ұлттық экономиканы дамыту басымдықтары мен әлемдік трендтерге байланысты анықталады. Биылғы жылы конкурс аэроғарыш тақырыбына арналады.

Өтінімдерді қабылдау 2019 жылдың 15 наурызынан 10 мамырына дейін жүзеге асырылады.

2019 жылдың маусым айында Конкурстың үздік жұмыстары анықталады.

Конкурс финалистері тамыз айында Крэнфилд Университетіне танымдық сапар жасайды.

Конкурстың шарттары туралы толық ақпаратты:  8(7172)621512, 621213, 621599 телефон нөмірлеріне қоңырау шалу арқылы алуға болады.

Ереже - «Nazarbayev Fund Schools Challenge – 2019».doc

Түсініктеме қалдыру