image-main

Байқаудың өткізілу уақыты: 27.02.2020 - 02.04.2020

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы  қорында дәстүрлі көктемгі «ТІРЕГІ СЕНДЕР ЕЛІМНІҢ» фестивалінің аясында өтетін  республикалық «Жас толқын» олимпиадасына қатысатын студенттік командалардан өтінімдер қабылдау басталды.  

Олимпиадада Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарының күндізгі бөлімінде білім алатын 5 студенттен тұратын командалар қатыса алады. Олимпиада талаптарына сай студенттік сайысқа бір ЖОО-дан 2 командадан артық өтініш қабылданбайды.

Олимпиада 3 турдан тұрады: 

  1. Алдын-ала іріктеу туры; 
  2. Нысанды сайыстық тур; 
  3. Спорттық сайыстар. 

Кешенді сайыс  төмендегі тапсырмалардан тұрады: 

  • "Миллионға идея" әлеуметтік-инновациялық жоба таныстырылымы;
  • Студенттік өмір туралы бейнероликтің көрсетілімі;
  • базалық пәндер бойынша тестілеу;
  • Спорттық сайыстар. 

Бірінші іріктеу турының нәтижесімен екінші турға 7 студенттік команда іріктеліп алынады. Олар Алматыда өтетін  «ТІРЕГІ СЕНДЕР ЕЛІМНІҢ» фестивалінде интелектуалдық және физикалық қабылеттерін ортаға салады.  

"Миллионға идея" жобасының "Жас толқын" олимпиадасының жеңімпаздары өз-ара  үш жүлделі орынды бөліседі. Ұйымдастыру комитетімен сондай-ақ қосымша номинациялар қарастырылған.  

"Миллионға идея" жобасының ең үздік авторына идеясын  жүзеге асыру мақсатында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбас қорының гранты табысталады. 

 Студенттік командалардан өтінімдер қабылдау мерзімі  - 2 сәуір 2020 ж. дейін   

Олимпиадаға қатысу Ережесі мен өтінімді жүктеп алу

Түсініктеме қалдыру