image-main

Байқаудың өткізілу уақыты: 22.04.2020 - 06.05.2020

«Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры «Елбасы Төсбелгісі» модулін жүзеге асыру бойынша ең үздік ұсынысқа байқау жариялайды және жобаның серіктесі болуды ұсынады.

Байқауға бағдарламалық өнімдерді әзірлеу және іске асыру бағытында қызмет көрсететін отандық IT компаниялар шақырылады. 

Байқау тәртібі:

  1. Үміткерлер «Елбасы Төсбелгісі» модулінің талаптары көрсетілген қысқаша сипаттаманы жүктеп алып, it@elumiti.kz поштасына байқауға қатысу өтінішін жолдауы қажет;   
    Маңызды! Құқық белгілеуші құжаттардың, лицензиялардың, сертификаттардың (болған жағдайда), сондай ақ потенциалды жобаға қатысушының еңбек тәжірибесін растайтын құжаттардың көшірмесін (скан нұсқасын) ұсыну.
  2. Өтініштерді қабылдау мерзімі 14 күн, 2020 жылдың 22 сәуірінен 6 мамырына дейін;
  3. Өтініштер қабылдау аяқталғаннан кейін 20 күнге созылатын өтініштерді қарастыру кезеңі өтеді; 
  4. Байқау комиссиясының шешімімен модульді жүзеге асыруға тиімді ұсыныстар жолдаған үміткерлер іріктеліп алынады. Іріктеу мерзімі барлық өтініштерді қарау мерзімі аяқталғаннан кейінгі 3 күн; 
  5. Іріктелген  үміткерлерге  модульге қатысты толық талаптар көрсетілген техникалық тапсырма ұсынылады. Үміткерлер 3 жұмыс күні ішінде тапсырыс берушінің талаптарына сай орындалу мерзімі мен қызмет бағасы туралы ақпаратты жіберуі тиіс;
  6. Байқау комиссиясы үздік ұсыныс берген бір жеңімпазды анықтайды. Жеңімпазды анықтау мерзімі  - өтініштерді қабылдау аяқталған күннен бастап 20  жұмыс күніне дейін;
  7. Жеңімпаз әзірлеу жұмыстары толық аяқталғаннан кейін «Елбасы Медалі» модуліне 12 айға кепілді техникалық қолдау  көрсетеді;
  8. «Елбасы Академиясы» КҚ мен жеңімпаз арасында модульді әзірлеу жөніндегі қызметер туралы келісім жасалады..

Жобаның потенциалды қатысушыларын іріктеу өлшем-шарттары
Қатысушыға қойылатын талаптар:

  1. Ақпараттық технологиялар саласында 3 жылдан кем болмайтын еңбек тәжірибесі;
  2. Күрделілігі әр-түрлі жіксіз байланыстарды жүзе асыруда тәжірибесі; 
  3. Модульді жүзеге асыру мерзімінде Нұр-Сұлтан қаласында болуы;  
  4. Қызметтерді жүзеге асыру үшін кемінде 3 қызметкерді қоса алғанда қажет барлық материалдық және еңбек ресурстарына (жеке меншігінде, уақытша пайдалануында және т.б) иелік ету;
  5. Төмендегі салалардың бірінде еңбек тәжірибесу болу керек:
  • білім беру саласындағы технологиялық әзірлеулер;
  • Жасанды интеллект әзірлемелері;
  • машинамен оқыту
  • ірі көлемдегі ақпаратты өңдеу;
  • ақпараттық қауіпсіздік;
  • робототехника;
  • ойынға арналған шешімдер және спорттық марафондар;
  • форумдар, вебинарлар.
  1. Өнімнің прототипі болуы керек (міндетті) немесе Өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін өнімнің прототипін әзірлеу, сондай-ақ оның Демо-нұсқасын және пайдалану нұсқамасын ұсыну.

Маңызды! Дайын шешім болған жағдайда қызметке қажетті сәйкестікке қарастыруға дайынбыз.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі 2020 жылдың 6 мамырына дейін.

Байқауға қатысу өтінімдерін it@elumiti.kz  поштасына жіберуді сұраймыз.

Құжаттарды жүктеп алу:

  1. «Елбасы Медалі» модуліне арналған талаптар

  2. өтінім формасы

Маңызды! Потенциалды жобаға қатысушылардың  өтінімдері салық берешегі бар/жоқ туралы ақпаратқа және жосықсыз қатысушылар тізімінде бар/жоқ туралы ақпаратқа тексеріледі. Қатысуға өтінім беру берілген ақпаратқа тексеруге рұқсат беруді растау болып табылады. 

Түсініктеме қалдыру