image-main

Байқаудың өткізілу уақыты: 10.01.2021 - 10.03.2021

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры «Мемлекет және үкіметтік емес ұйымдар: тұрақты даму мүддесіндегі 30 жылдық бірлік және әріптестік» тақырыбына республикалық әлеуметтік идеялар және жобалар конкурсын жариялайды.

          Конкурстың мақсаты әлеуметтік бағдарланған коммерциялық емес ұйымдардың жалпы халықтық міндеттерін шешу  жөніндегі жұмысының тиімділігін арттыру; өңірлерде халықтың әлеуметтік бастамаларын жандандыру; әлеуметтік проблемаларды әлеуметтік, мәдени және білім беру жобалары арқылы локалды деңгейде шешу.

          Конкурстың міндеті: тұрақты даму мүддесіндегі әлеуметтік маңызды проблемаларды шешетін үздік жобаларды жинақтау және жүйелендіру. Қазақстан аумағында үздік өңірлік тәжірибелерді және бастамаларды тираждау және кейннен іске қосу нәтижесін бақылау.

          Конкурс қоғамдық бастамаларды қолдау және тұрақты даму үшін жағдай жасауға бағытталған жыл сайынғы Әлеуметтік жобалар аясында өтеді.

          Конкурс келесі номинациялар бойынша өтеді:

1. Мүмкіндігі шектеулі адамдарды қоғамға әлеуметтік бейімдеу және оңалтуға көмек көрсету.

Аталған номинация мынадай бағыттар  бойынша қаралады:

- мүмкіндігі шектеулі адамдарды бейімдеу және өмір сапасын арттыру үшін жаңа технологиялар енгізу, соның ішінде осындай адамдарға объектілер мен көрсетілетін қызметтің  қолжетімділігін арттыру үшін жағдай жасау;

- инклюзивтік білім саласындағы үздік жобалар, «ерекше» балаларға білім беру процесінде үздік әдістемелерді дамыту;

- мүмкіндігі шектеулі адамдардың еңбектенуіне жағдай жасау;

- пандемия кезінде денсаулық мүмкіндіктері шектеулі және жастары үлкен адамдарға тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған азаматтардың еріктілік қызмет атқаруына қолдау жасау.

 

2. Халықты әлеуметтік-құқықтық жағынан қорғау. Азаматтық құқықтар мен бастамаларды қорғау.

Аталған номинация мынадай бағыттар  бойынша қаралады:

- азаматтық құқық қорғау саласындағы халықтың, соның ішінде ауылдық мекендердегі тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша іс-шаралар өткізу;

- Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу механизмін жетілдіру;

- құқық бұзушылық саласында азаматтық бастамаларды ынталандыруға бағытталған ақпараттық кампаниялар өткізу;

- заңдылықты қолдау саласындағы кейбір әлеуметтік проблемаларды жою;

- құқық пен еркіндіктің қорғалуын қамтамасыз ететін азаматтардың құқықтық санасын дамытуға және құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал ететін өзге де жобалар.

 

3. Адамның денсаулығын және қоршаған ортаны қорғау

Аталған номинация мынадай бағыттар  бойынша қаралады:

- денсаулық сақтау мәселесі және қауіп-қатер факторлары туралы халықтың сауаттылығының деңгейін арттыру;

- қауіп-қатер факторы және денсаулыққа ықпал ететін факторлар туралы халықты хабардар етуге бағытталған ақпараттық кампаниялар өткізу;

- жастар арасында репродуктивтік денсаулықтың сақталуына көмек көрсету;

- экоинновацияны ілгерілету, атмосфералық ауаның ластануын төмендету, ауызсу сапасын арттыру, су объектілерін сауықтыру, биологиялық әралуандықты сақтау және т.б.;

- қоршаған ортаны аялау, энергя тиімділігін және ресурстың  сақталуын арттыру;

- өндіріс қалдықтарын тиімді пайдалану және қолдану, табиғи мұраны қорғау және қолдау;

- өскелең ұрпаққа мектепте және жоғары оқу орныдарында экологиялық тәрбие беру.

 

 

ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ

І кезең (2021 ж. 10 қаңтардан бастап 10 наурызға дейін) - конкурстық өтінімдерді және құжаттарды қойылған талаптарға сәйкестігі бойынша қабылдау, бастапқы іріктеу.

ІІ кезең (2021 жылғы 11 наурыздан бастап 20 наурызға дейін) – ТОП-50 жобаларды бағалау және іріктеу.

ІІІ кезең (2021 ж. 22-31 наурыз аралығында) – үздік ТОП-50 жобалардың тұсаукесері, жеңімпаздарды анықтау. Марапаттау рәсімі.

 

Конкурсқа қатысу үшін өтінім MsWord форматында қазақ және орыс тілдерінде, innovaproekt@fnn.kz электрондық пошта арқылы.

 

Байланыс:

Ершіманова Гүлнар Орынбасарқызы, телефоны: 8 (727)305-36-20, е-mail: innovaproekt@fnn.kz

Конкурсқа қатысу үшін өтінім. Word форматында жүктеу.  formakonkurs 2021 каз.docx

 Әлеуметтік жобалар конкурсы туралы ереже. Word форматында жүктеу.  Положение о Конкурсе 2021.docx

Назар Аударыңыз! Конкурсқа өтіім берердің алдында Өтінім беру жөніндегі Нұсқаулықпен мұқият танысып алыңыздар! Word форматында жүктеу.  Инструкция по заполнению заявки 2021.docx.docx

 

Түсініктеме қалдыру
comments-author-avatar
Как подать заявку

comments-author-avatar
Ни как

comments-author-avatar
Ем как