image-main

Байқаудың өткізілу уақыты: 29.03.2021 - 29.04.2021

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры еліміздегі ғылыми ұйымдар мен ЖОО жанындағы Жас ғалымдардың үздік кеңесі атағына дәстүрлі байқау жариялады. 

Бұл байқау Жас ғалымдар кеңесінің (ЖҒК) жұмысын дамытуға ықпал етеді. Оның мақсаты – жас ғалымдардың бастамаларын қолдау, сондай-ақ, олардың ғылыми жобаларын іске асыруға көмек көрсету. 

Құрамында ННҚ жанындағы Ғылым кеңесінің мүшелері және белсенді жұмыс істеп жүрген ғалымдар бар байқау комиссиясы жеңімпазды анықтау барысында мына жайттарға сүйенеді:

— Жас ғалымдар кеңесінің белсенділігі және жұмыс нәтижесі,

— ЖҒК жүзеге асырған шаралардың ерекшелігі, маңызы және болашағы.

Байқауға қатысу үшін мынадай құжаттар қажет:

  • Жас ғалымдар кеңесінің жұмысы, құрылған жылы, негізгі атқарған шаралары және белсенді әрекеттері туралы жазылған, бірінші басшы қол қойған мінездеме хат (2 беттен аспауы тиіс);
  • Жас ғалымдар кеңесінің жұмысы туралы 1 қолданба үлгісіне сәйкес өтініш әрі түсіндіру хаты (10 беттен аспауы тиіс);
  • Жас ғалымдар кеңесінің алдағы жылға арналған, мақсаты, міндеті, жұмыстың ықтимал нәтижесі, көлемі, қаржы көзі көрсетілген толыққанды іс жоспары;
  • Жас ғалымдар кеңесінің Microsoft Office PowerPoint бағдарламасы бойынша ұсыныстары.

Комиссия шешімі ашық дауыс беру арқылы айқындалады. Төрттен үш дауыс жинаған Жас ғалымдар кеңесі жеңімпаз атанады.

Үздік ЖҒК дипломмен және жұмысын қолдауға әрі дамытуға арналған грантпен марапатталады.

Өтініш беру мерзімі: 2021 жылдың 29 наурызынан 29 сәуіріне дейін.

Өтініш беретін мекен-жай: Индекс 050059, Алматы қ., М. Ганди көшесі,10.

 

Байланыс:

Жобаның аға үйлестірушісі: Едігеева Роза Мақашқызы

+7 727 305 36 23

roza@fnn.kz

Түсініктеме қалдыру