news-img

Біздің оқушыларымыз Ален Аусенов пен Алина Кәрімова (Семей қ. НЗМ) National Championship for Young Debaters қатысты.

Ағылшын тіліндегі пікірсайыс бойынша халықаралық жарыс Англияда, әйгілі Кембридж университетінде өтті. Сайыста әртүрлі елден 112 адам бақ сынады.

Бұл ел біріншілігінің жеңімпазы болып табылатын үздік пікірсайысшылар.

Ален мен Алина жүлделі орынға ие бола алмаса да, үздік ойын көрсетіп, баға жетпес тәжірибе жинап, Қазақстанның халықаралық пікірсайыс қоғамдастығына ықпалдастық негізін қалады.

Іс-шараға сапарды ұйымдастырған Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы «El umiti» Корпоративтік қорының арқасында қазақстандық оқушылар арасында ағылшын тіліндегі пікірталастарды насихаттауда маңызды қадам жасалды.

Сонымен бірге, турнирде «El Umiti» өкілдері ұйымдастырушылармен одан әрі ынтымақтастық пен біздің пікірсайысшыларды даярлауды күшейту мүмкіндіктерін талқылады.

2024 жылғы ақпанда өтетін Оксфордтағы келесі турнирде Қазақстаннан келген команда тағы да өзін танытуға және қазақстандық пікірсайыс қозғалысының артықшылығын көрсетуге тырысып бағады.

Түсініктеме қалдыру