news-img

Жалпыреспубликалық «Мектепке жол» науқанының аясында 1000 қазақстандық оқушыға ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атынан спорттық киім салынған сөмкелер берілді. Жыл сайынғы науқанның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға оқу жылына дайындық кезінде қолдау көрсету, сондай-ақ 1 қыркүйек күні әлеуметтік себептермен мектепке бармаудың алдын алу.

 

Балаларға берілетін дербес көмек жергілікті әкімдіктердің білім басқармалары ұсынатын тізімдерге сәйкес жүзеге асырылады.

Тұңғыш Президент Қоры осы әлеуметтік бағыттағы бастаманы 10 жыл бойы қолдап келеді. Осы уақыт аралығында республика бойынша 9 мыңға жуық бала мектеп сөмкелері мен кеңсе керек-жарақтары ретінде материалдық көмекке ие болды. Биылғы жылы ата-аналардың өтініштері бойынша кеңсе заттары спорттық киімге ауыстырылды.

2018 жылы науқан Елбасы Қоры ұйымдастырған «Аман келешек» балалардың инклюзивті фестивалі барысында өтті. Өткен жылғы фестивальдің ұраны: «Барлық балалар үшін Мектепке жол» еді.

Биыл мектеп рюкзактарын салтанатты түрде тапсыру Тұңғыш Президент Қорының әлеуметтік идеялар конкурсының жеңімпазы - «Ұлы дала мәдениетіндегі құстар символикасы» атты республикалық креативті фестивалі аясында өтті. Ол тамыз айының 20 күні Ақмола облысы Қорғалжын ауылында ұйымдастырылды. Фестивальде Қазақстанның әр аймағынан 500 оқушы рюкзак алды. Олардың қатарында жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүмкіндігі шектеулі балалар және көп балалы отбасылардан шыққан жас өрендер бар.

— Менің сегіз балам бар және олардың төртеуі мектеп жасында. «Мектепке жол» науқаны - өте сезілетін және қажетті қолдау. Менің балаларым әдемі рюкзактар мен спорттық киім үшін өте қуанышты, - деген алғысын білдірді көпбалалы ана  Гүлмира Ниязова.

Білім Күні қарсаңында Алматы қаласының көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларының балалары тағы 500 сөмкеге ие болды.

— Біздің одақ 1000 көпбалалы отбасыларды біріктіреді. Көптеген отбасыларда мектеп жасындағы 5-6 бала бар,- дейді Әуезов ауданының Көпбалалы аналар одағы басқарма төрағасының орынбасары Жанар Мамедова. — Көмек алған әрбір көпбалалы отбасы, қоғам тарапынан қамқорлықты және ертеңгі күнге деген сенімділікті сезінеді. Елбасының Қорына зор алғыс білдіреміз. Сіздердің қолдауларыңызды  көпбалалы аналар  жақсы қабылдады және жылы сөздер айтты. Сіздердің назарларыңыз және қатысуларыңыз – бұл еліміздегі қайырымдылықты дамытуға қосқан үлкен үлес.

 

Мектеп сөмкелерінің үлгілері жарық шағылыстырғыш элементтермен жабдықталған. Мұндай маңызды бөлік-жол арқылы өту кезінде және қараңғыда мектеп оқушысының қауіпсіздігіне кепілдік береді. Спорттық формадан басқа, әрбір рюкзакта кез келген шұғыл жағдайда қажетті заттардың жиынтығы бар: қауіпсіздік жадынамасы, шам, ысқырық. 

— Мен төрт баланы тәрбиелеп отырған көпбалалы ана, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қорына біздің үлкен отбасымызға көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін ризашылық білдіремін. Сіздердің көмектеріңіз бұл балаға сыйлық қана емес, бұл жаңа тұлғаның қалыптасуына, еліміздің кішкентай азаматтарының бойында игілік пен қайырымдылық қасеиттерін тәрбиелеуге қосылған үлес,- деді Алматылық көпбалалы ана Юлия Кузьмина.

Бүгінгі күні Тұңғыш Президент Қоры «Мектепке жол» науқанын қолдау арқылы Нұр-Сұлтан, Алматы шаһарларының және Қаратау, Жаңатас (Жамбыл облысы), Шардара, Абай (Түркістан облысы), Үржар (Шығыс Қазақстан облысы), Сарқан (Алматы облысы), Арал, Қазалы (Қызылорда облысы), Семей, Курчатов (Шығыс Қазақстан облысы), Құлсары (Атырау облысы), Форт-Шевченко, Жаңаөзен (Маңғыстау облысы), Жітіқара, Лисаковск (Қостанай облысы), Булаево, Мамлютка (Солтүстік Қазақстан облысы), Теміртау, Абай, Шахтинск, Мустафино (Қарағанды облысы) шағын қалаларының, сондай-ақ Қарағанды, Теміртау, Қостанай және Петропавловск қалаларының балаларына мектепке жиналуға көмектесті. Осылайша мектеп сөмкелері қаланың балаларына ғана емес, шалғай ауыл жеткіншектеріне де табысталды.

 

ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасының Қоры баспасөз қызметі

PR-менеджер Артур Жүмашев

+7 (727) 220-92-16, +7 (708) 960-56-13

a.zhumashev@fpp.kz, www.fpp.kz

 

Фото: ТПҚ баспасөз қызметі

Түсініктеме қалдыру