news-img

Алматыда 25–29 қазан аралығында «ЖасSTAR» халықаралық шығармашылық жастар фестивалі өтеді. Бұл Нұрсұлтан Назарбаев Қоры талай жылдан бері ұйымдастырып келе жатқан мәдениет пен өнер қайраткерлері, сонымен бірге дарынды студенттер арасында тәжірибе алмасуға арналған бірегей шығармашылық алаң.

Фестиваль бағдарламасында воркшоптар, көрмелер, artist talks және танымал сарапшылардың білім беру шеберханалары бар.

Бірқатар іс-шараға куә боласыз:

  • сән, кино, музыка, театр, балет, дизайн, бейнелеу өнері және т.б. саладағы мамандардың дәрістері;
  • әлемдік балет жұлдыздарының шеберлік сыныбы: балет әртісі, Нидерланды ұлттық балетінің прима-балеринасы Анна Цыганкова; балет әртісі Ксандер Пэриш; Берлин мемлекеттік балетінің прима-балеринасы Ксения Овсяник; Берлин мемлекеттік балетінің премьері Давид Мотта Соарес;
  • «Қоғамға үлес: Театр vs. Бұқаралық мәдениет» тақырыбында қазақстандық кино және театр актрисасы Айсұлу Әзімбаеваның; рэп-орындаушы және әннің авторы AlvinToday; стилист, KFW арт-директоры Алексей Чженнің, пианист және концертмейстер Гаухар Тасбергенованың және балет әртісі Әміре Жексенбековтің қатысуымен public talk;
  • Kazakhstan Fashion Week «New Generation. Open Way 2021» байқауының жеңімпаздары, финалистері және жас дизайнерлердің топтамасын ұсынады.
  • «Astana Musical» театрының, «Jolda» би зертханасының, «Il silenzio» театрының қойылымдары;
  • қазақстандық суретші Лукман Татаров пен әлемге әйгілі ASSOULINE баспасының және т.б. көрмелері.

Сонымен қатар, фестиваль аясында Нұрсұлтан Назарбаев Қорының байқау жеңімпаздары марапатталады:

  • Еліміздің үздік 80 студенті Қор стипендиясының сертификатын алады;
  • 10 қазақстандық ЖасSTAR Grants Program байқауының қорытындысы бойынша шығармашылық жобаларды іске асыруға грант иеленеді;
  • Сонымен бірге, ЖасSTAR Awards онлайн-шығармашылық жұмыстар байқауының жеңімпаздары анықталады.

Фестивальдің концерттік бағдарламасында Madi Rymbaev, Kyle Ruh, Марат Думан, Абди Мирас және INTROVERT өнер көрсетеді.

Фестивальдің толық бағдарламасымен jasstar.kz сайты немесе осы сілтеме арқылы таныса аласыздар.

Кіру тегін («Astana Musical» театрының қойылымдарынан басқасына).

25–29 қазан аралығында кездескенше!

 

Жаңалық материалдары
Түсініктеме қалдыру