news-img

2022 жылы 322 жеңімпаздар дарынды балаларға арналған арнайы мектептерге тіркелді. Ең үлкен көрсеткіш Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында байқалды. Оның ішінде Білім инновациялық лицейінде - 91 жеңімпаз, Республикалық физика-математика мектебінде - 23 жеңімпаз, Дарын мектебінде - 18 жеңімпаз, гимназияда және өзге де мамандандырылған мектептерде - 179 жеңімпаз тіркелді.

 НЗМ мен БИЛ-ге өз бетінше 12 жеңімпаз түсті. Барлығы 322 жеңімпаз мамандандырылған мектептерде оқуға мүмкіндік алды. 2020-2022 жж. олимпиада нәтижелері бойынша (3 жылдағы жалпы қамту): - 1 кезеңге 590 мыңнан астам оқушы қатысты; - үш жыл ішінде 3000 жеңімпаз анықталды; - 960 жеңімпаз РФММ, Дарын, БИЛ мектептеріне қабылданды. 

«Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасы жыл сайын ауыл мектебінде оқитын 5-6 сыныптағы ең қабілетті 1000 оқушыны анықтап, еліміздің үздік оқу ордасында білімін ұштауға мүмкіндік береді. Бірегей жобаны «Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен серіктестікте бірлесе өткізеді. 

Толық ақпаратты 8 800 080 48 48 телефон нөмірінен білуге болады

Түсініктеме қалдыру