news-img

Наурыз мерекесін ұлықтау мақсатында Назарбаев орталығында 18 наурыз күні пікірсайыс турнирі өтті. Турнирге қатысушылар өз ойларын ортаға салып, «Наурызды өз деңгейінде атап өту үшін Жаңа жыл мерекесінен бас тарту қажет пе?» мәселесін талқылауға жиналды. Олар британдық форматтың қысқартылған үлгісінде пікір сайыстырып, Наурыз мерекесін реформалаудың әдістерін көрсетті. 

Елбасы Академиясының «Елбасы медалі» жобасының қатысушылары арасынан республикалық дебат турнирінің жеңімпаздары іріктеліп алынған. Іс-шараның ашылу салтанатына «Нұрсұлтан Назарбаев Қоры» атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұлан, «Елбасы Академиясы» корпоративтік қорының басқарушы директоры Мұрат Жұманбай мен ресми өкіл Маржан Иманғалиева, Ұлттық пікірсайыс федерациясының президенті Болат Бұхарбай қатысты. 

«Бүгінгі додаға қатысушылар – осы  күнге дейін өзге де пікірсайыстарда бақтарын сынап, биік дәрежелерге қол жеткізген жастар. «Нау­рыз ме­рекесі осы уақытқа дейін қаң­тар­дағы Жаңа жылдың көлеңкесінде қалып қой­ды» деген пікірді жиі естиміз. Дебатта «Елбасы медалі» жобасының қатысушылары «Ұлттық мұра» бөлімінен үйренген дағдыларын қолданып,  өз тобына берілген мәселені нақты дәлелдермен талдады, ұлттық құндылықтарды насихаттауға, салт-дәстүрді дамытуға мүмкіндік бар екенін көрсетті. Қоғамды дамытуда пікірталастардың маңыздылығы ерекше екенін атап өткім келеді,» - деді жарыс жайында Әлкей Марғұланұлы. 

Шешендік пен ұтқыр ой сыналатын сайыс нәтижесінде Тайсағат Бексұлтан және Кендирова Жұлдыз жеңімпаз атанды. Сонымен қатар "Үздік пікір білдіруші", "Ең белсенді пікірсайысшы", "Үздік өз ойын дәлелдеуші" номинациясындағы үш жеңімпаз анықталды. Олар көпшілік алдында толғамды тұжырымдарын дәлелдеп, ұшқыр ой мен тиімді шешімдер таба білді. Оларға Елбасы Академиясының фирмалық заттары мен мерч жиынтығы берілді.

Оларға Елбасы Академиясының фирмалық заттары мен мерч жиынтығы берілді. Үш сағатқа созылған іс-шарада қатысушылар білгірлік, ділмарлық, шешендігін танытты. Мұражай аралады. 

Ұйымдастырушылар мұндай шараның жастардың жеке дамуына, сыни ойлау қабілетін дамытуға, ойын нақты жеткізе білуіне, өзін көпшілік алдында еркін ұстауына сеп болады деп есептейді. 

Түсініктеме қалдыру