news-img

2022 жылдың 1 сәуірінде Нұр-Сұлтан қаласында "Елбасы медалі" бағдарламасына қатысушыларды марапаттау жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Комиссия бағдарламаны іске асыру нәтижелерін қарап, бағдарламаны табысты аяқтаған 793 үміткерді марапаттауға ұсынды.

"Елбасы академиясы" КҚ басқарушы директоры Алина Хаматдинова бағдарламаны іске асыру және "Елбасы медалі”бағдарламасының қола, күміс және алтын деңгейіне қатысушылардың нәтижелері туралы айтып берді: "Комиссия отырысында жобаны аяқтаған және "Елбасы медалі" бағдарламасының барлық талаптарына сәйкес келетін 793 қатысушыдан тұратын тізімді ұсынамыз: 738 қола, 48 күміс және 7 алтын деңгей. Сондай-ақ, 77 қатысушы бағдарламаны аяқтап, "Елбасы медалі" бағдарламасын аяқтағаны туралы сертификат алады”.

Қазіргі уақытта "Елбасы медалі" бағдарламасына 7000-нан астам адам қатысуда. Оның ішінде 83% - мектеп оқушылары, 11% - студенттер, 6% - жұмыс істейтін жастар, 0,4% - NEET жастары. Қатысушылардың 24% - ауыл тұрғындары.

Тағы 7000-ға жуық қатысушы бағдарламаға қатысу үшін өз кезегін күтуде.

2019 жылдан бастап "Елбасы медалі" бағдарламасында 6980 адам медаль алды. Оның ішінде 6 874 қатысушы Елбасы медалінің қола медалімен, 96 қатысушы күміс медальмен, 10 қатысушы алтын медальмен марапатталды. Мемлекеттік білім гранттары 605 Елбасы медалінің иегерлеріне берілді, олардың 30% - дан астамы - ауыл мектебінің түлектері.

Естеріңізге сала кетейік, жоба Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының "Еl Úmiti" бастамасы аясында жас таланттар мен ел көшбасшыларын қолдау және дамыту бағытында жүзеге асырылуда. Бұл - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама.

Медаль иегерлерінің тізімі

Түсініктеме қалдыру