news-img

Бүгінде 140 миллионнан астам адам ай сайын Minecraft-та ойнайды және 

YouTube-те 1 триллион қаралым жинаған жалғыз бейнеойын болып тұр.

Елорда күніне орай инфлюенесерлер танымал Minecraft ойынының негізінде қаланың

жаңа құрылысын бастауға шешім қабылдады. Инфлюенсерлер: Enderson, Aishu QL, ERA KZ, Дейлин КЗ және Флайес КЗ Нұр-Сұлтан қаласының маңызды құрылыстарын қандай да бір жеңілдететін бағдарламаларсыз/плагиндерсіз өз қолдарымен салады. 

Қазір олар Бәйтерек, Бейбітшілік және келісім сарайын, «Отан қорғаушылар» монументін және тағы басқаларын салды. Қазіргі уақытта сервер келушілер үшін жабық, бірақ көрермендер YouTube арнасында құрылыс барысын көре алады және олардың бастамаларына қолдау білдіре алады.

Жоба тек құрылыспен шектелмейді, көп ұзамай сервер көпшілікке қол жетімділікті ашып,

кез-келген ойыншы елорданы аралап, шағын ойындар ойнай алады.

Жоба «Елбасы Академиясы» КҚ қолдауымен жүзеге асырылды.

Түсініктеме қалдыру