news-img

«Елбасы Академиясы» КҚ мен Eurasian Center for People Management бірлесуімен және ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған іс-шарада Қазақстан мұғалімдері мен тәрбиешілерінің ең үздік кейстері қаралды, сарапшылармен талқыға салып, ұжымдық жұмыс іске асырылды. 

Пленарлық сессияға Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының өкілдері қатысты. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ, «Арнайы және инклюзивтік білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ, «Балаларды ерте жастан дамыту институты» РММ және еліміздің басқа да білім беру мекемелері қатысты. Конференцияда педагогтердің құзыреттілігін дамыту мәселесі қозғалды, білім беру ұйымында білім беруді жақсартуға арналған әлеуметтік көңіл-күй индексі таныстырылды, ал Елбасы Академиясы «Smart Ustaz» жобасының басталғаны туралы мәлімдеді. 

«Smart Ustaz» - бұл кәсіби және аралас құзыреттіліктерді жетілдіру және дамыту арқылы педагогтердің жеке дамуына ықпал ететін жоба. Платформа 21 ғасырдағы инновациялық білім, стандарттар, негізгі құзіреттіліктер мен дағдыларды ұсынады, сонымен қатар мұғалімдерге офлайн тренингтерге, онлайн оқытуға, сауалнамаларға, вебинарларға және құзіреттіліктерді дамыту қатысты басқа да шараларға қатысуға мүмкіндік береді.

Түсініктеме қалдыру