news-img

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директоры Қанат Жұмабаев Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Николаевич Бородавкинмен кездесті.

Кездесу барысында Қанат Жұмабаев жоғары қонақты Қордың адами капиталды дамыту, әлеуметтік жобаларды және қайырымдылықты қолдау саласындағы қызметімен таныстырды.

Өз кезегінде Елші мырза екі мемлекеттің даму жолдарының ұқсастығын айтып, Қазақстан Президенті мен Қордың әсіресе жастарды, мәдени ынтымақтастықты және білім беруді қолдаудағы күш-жігерін жоғары бағалады.

Сонымен қоса кездесу барысында Еуразиялық бірігу идеясының 25 жылдығына және Мәскеу қаласында Еуразиялық экономикалық одақты құрудың 5 жылдығына орай сарапшылардың дөңгелек үстелін, конференция өткізу мүмкіндіктері, сондай-ақ ресейлік сарапшылардың «Burabai Forum» халықаралық форумына қатысу мүмкіндігі қарастырылды.

А. Бородавкин Елшіліктің мәдени ынтымақтастық саласындағы, балет және театр өнері шеберлерімен алмасу, бірегей көрмелер өткізу және сарапта алмасу саласындағы өзара әрекеттестік секілді бастамалары туралы ақпарат берді.

Халықаралық «Астана Клуб» сарапшылық клубының жыл сайынғы отырыстарының тақырыптары жеке талқыланды. Елші осы алаңның жұмысына беделді ресейлік мемлекеттік қайраткерлерді тарту мүдделілігін білдірді.

Медиа жаңалықтар
Түсініктеме қалдыру