news-img

«Нұр Отан» партиясының «Бірлік»  филиалы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорымен бірге партияның 20 жылдығына және Алғыс айту күніне арналған «Ұрпақтар сабақтастығы» атты салтанатты шара ұйымдастырды.   

Оған Парламент депутаттары, мемлекеттік қызметшілер, партияның дамуына үлкес қосқан қоғам қайраткерлері қатысты.

Қазақстан халқының игілігі үшін көп жыл аянбай еңбек еткен партияның отыз мүшесі «Бірлік» филиалының басшысы Абай Бейсембаевтың атынан Алғыс хаттар алды.

«Нұр Отан» партиясының «Бірлік»  филиалында 8300 адам бар. Бүгін партияның құрамы оған мүше болған жаңа адамдармен толықты, яғни отыз адам салтанатты түрде партия ардагерлерінің қолынан партия билеттерін алды. Партия қатарына кіргендер арасында партиямен құрдас Нұрай Жұмабекова да бар, ол жақында ғана                   20 жасқа толды.

Медиа жаңалықтар
Түсініктеме қалдыру