Алматыда II Еуразиялық шығармашылық форум өтті
«Каспий – Еуразиялық өркениеттің бесігі» атты II Еуразиялық шығармашылық форумда ғалымдар мен өнер қайраткерлері ғылым мен мәдениет мәселелерін талқылады. Еуразиялық шығармашылық одақ ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры қолдауымен өз көзқарасын білдіру, идеялармен алмасу және осы екі саланы дамыту мәселелері бойынша шешу жолдарын белгілеу мүмкіндігін береді.
Форумға Қазақстан, Беларусь, Грузия, Ресей және Жаңа Зеландияның қоғам қайраткерлері, ғалымдары мен шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты. Қазақстандық жастармен бірге қазіргі заманның үздік ойлары инновация, ғылымды қажетсінетін технологиялар, сандық өнер, жаңа медиа және т.б. саласындағы жаңа сын-қатерлерге жауап табуға тырысты.
Ақын және жазушы Олжас Сүлейменов, Қазақстан Журналистика академиясының президенті Сағымбай Қозыбаев, БҰҰ қоғамдық ақпарат департаментінің өкілі Властимил Самек, профессор, Caspian University ректоры Жолдасбек Нүсенов ғылым мен мәдениеттің қазіргі жағдайы бойынша өзінің сараптамалық бағасын берді.
Форумның маңыздылығы мен оның тақырыптарының студент жастардың, жас ғалымдар мен өнер қайраткерлерінің интеллектуалдық дамуы үшін өзектілігін Алматыдағы Тұңғыш Президент Қорының өкілдігінің директоры Сергей Тохтаров атап өтті.
- Осы форум аясында кеңінен талқыланатын ғылым мен өнер синтезінің тақырыбы қазіргі заманғы қоғамды жаңғыртуға қабілетті жас ғалымдар мен мәдениет қайраткерлерінің толқынының пайда болуына ықпал етуге бағытталған. Мұндай игі миссия бәсекеге қабілетті ұлтты дамытуға бағытталған Тұңғыш Президент Қорының қызметімен тығыз байланысты. Форум аясында көптеген қатысушылар бірлескен ғылыми-инновациялық және шығармашылық жобаларды жүзеге асыру бойынша одан әрі жемісті ынтымақтастықтың іргетасын қалайтынына сенімдімін, — деді ол.
Айта кету керек, форум аясында оның қатысушылары арасында еуразиялық өзара әрекеттестіктің жаңа нысандарын талқылау бойынша өте сындарлы және ашық диалог өтті.
Ұйымдастырушылар аталмыш алаңның арқасында еуразиялық аймақта жаңа серпінді әлеуметтік-экономикалық жобалар пайда болады деп үміттенуде.
Елбасының Қоры баспасөз қызметі
Алматы қаласындағы PR-менеджер Артур Жұмашев
+7 708 960 56 13, +7 (727) 220-92-16