news-img

2023 жылдың 16 наурызында Алматыда Qazaq Ballet креативті зертханасының бастамасымен және Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен ЮНЕСКО-ның Қазақстан Ұлттық клубтар федерациясының қолдауымен «Өнер тәрбиесі» циклынан Дамир Оразымбеттің «Қазақ балет театры: 90 жылдық тарих» атты қорытынды авторлық дәрісі өтеді. Көрермендер сирек кездесетін бейнефрагменттер мен фотосуреттерді көріп, әртістердің тосынсыйлары және қазақ балеті туралы ең қызықты сұрақтарға жауап ала алады.

Жақында қазақстандық балет театрына 90 жыл болады. Осы уақыт ішінде оның қалыптасуына әсер еткен көптеген маңызды оқиға болды. Көптеген театр мен жеке балет мектебі ашылды. Композиторлар, хореографтар, суретшілер мен әртістер біздің мәдениетіміздің қазынасына айналған балет қойылымын қойды. Бір ғасырға жуық кезең оқиғалар мен спектакльдерге, жетістіктер мен сәтсіздіктерге жан-жақты қарауға мүмкіндік береді.

Тарихтың қалай қалыптасқаны және кәсіби хореографиялық өнердің қазіргі жайы, бүгінде көрермендерді қандай спектакльдер мен әртістер толғандыратыны туралы «Өнер тәрбиесі» циклінің қорытынды дәрісінен білуге болады. Бұл Александр Селезневтің, Шара Жиенқұлованың, Рамазан Баповтың, Людмила Рудакованың, Сара Көшербаеваның, Болат Аюхановтың және басқалардың шығармашылық жолының тарихы, сонымен қатар, «Аққу көлінен» бастап «Қорқыттың жерұйықты іздеуі»» дейінгі баршаға белгілі спектакльдер.

Дәріскер Дамир Оразымбет 20-дан астам спектакль мен театрландырылған концерт пен түрлі жанрдағы 130 хореографиялық композиция қойған театр режиссері және балетмейстер. Ол Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының арт-менеджмент кафедрасының доценті, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік академиялық би театрының балетмейстері, ЮНЕСКО Қазақстан Ұлттық клубтар федерациясының бас режиссері, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы мәдениет жөніндегі Кеңестің мүшесі.

Өтетін орны: Алматы қ., М. Ганди к-сі, 10.

Кіру тегін. Сілтеме бойынша алдын ала тіркелу қажет

 

Түсініктеме қалдыру