news-img

Бұл тақырыпта танымал журналист Махаббат Есен семинар өткізді. Нұрсұлтан Назарбаев Қорының Алматыдағы өкілдігінде теле және радио жүргізушісі ЮНЕСКО Клубтарының мүшелеріне қазіргі кезде адамға шешендік шеберлік білімі не үшін қажет екенін және оларды қалай сауатты пайдалану керектігін айтты.
 
Медиа және теледидар саласында көп жылдық тәжірибесі бар Махаббат Есен шешендік өнерді меңгерудің бірегей дағдысымен бөлісті, көпшілік алдында сөйлеудің негіздері туралы айтып, адам беделінің өте маңызды тақырыбын қозғады.
 
Атап айтқанда, көпшілік алдында ойды қалай дұрыс жеткізу керек, сенімділікті қалай арттыру және шабыттандыру керек, сахнадағы қобалжуды қалай жеңуге болады, аудиторияға қажетті ақпаратты жеткізіп, мақсатқа қалай жетуге болады дегендей қатысушылардың көптеген сауалына жауап берді. 
 
- Балалар Махаббатқа риза болды. Осындай спикерлердің арқасында балалар шабыттанып, өздігінше жұмыс істеуге талпынды! Өте ризамын! - деді ЮНЕСКО Клубы - "Дәуіттің жұлдызы" арт-студиясының жетекшісі Лада Гайнович.
 
"Шешендік өнер — болашақтың құралы" семинары аралас форматта мыңнан астам тыңдаушының басын қосты. Ол бүкіл Қазақстанның ЮНЕСКО клубтарының мүшелеріне арналған ай сайынғы білім беру вебинарларының цикліндегі үшінші семинар.
 
— Білім берудегі заманауи тәсілдерді пайдалана отырып, ЮНЕСКО Клубтарының мүшелерін дамыту және қолдау арқылы Қазақстанның болашақ шығармашылық және ғылыми әлеуетін қалыптастыру - вебинарлардың басты мақсаты. Қатысушыларды көбірек тарту үшін барлық вебинар аралас форматта өткізіледі, сондықтан қатысушылар спикерлерді онлайн және офлайн тыңдай алады, - деді Сәбина Ақжарова.
 
Вебинарларды өткізуге Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен ЮНЕСКО Клубтарының Қазақстандық Ұлттық Федерациясы мұрындық болды.
 
Келесі кездесулердің аңдатпасын @unescoclubs_kz Instagram парақшасынан көріңіз.
  
@mahabbatesen

Түсініктеме қалдыру