news-img

Турнирлер елордалық озық «Роботек» мектебі мен Нұрсұлтан Назарбаев Қоры өңірлік білім басқармаларының қолдауымен жүзеге асырған «Ozyq Urpaq» бағдарламасының бір бөлігі болып табылады.

Айта кетейік, бағдарлама алғаш рет іске асқан. Соның арқасында екі қаладан 500 бала оқытылды. 

Оқушылар үшін өткен жылдың қараша айынан бастап робототехника бойынша факультативтік сабақтар өткізілді. Бұл сабақ үшін әуелі екі қаланың мұғалімдері оқытылды. Бұл ретте, педагогтар факультативтер өткізіп, Қордан жалақы алып отырды.


 Жезқазған қаласындағы №1, №13, №21 ОМ, №8 гимназия, №9 мектеп-интернат оқушылары мен Семей қаласындағы №8, №28, №44, №49 ОМ, Ы.Алтынсарин атындағы №37 гимназияның оқушылары заманауи білім алды.


 Өткен турнирлер аясында балалардың білімі тексерілді.
 
Бағдарламаға қатысқан мектептер robotek.pro платформасын бір жылға тегін жазыла алады. Бұл аймақтарда робототехникаға деген қызығушылықты одан әрі арттыруға септігін тигізеді.

Түсініктеме қалдыру