news-img

Нұрсұлтан Назарбаев Қорында "Құқық, денсаулық және коммуникация — қазіргі әлемнің орнықты дамуына бағдарлар" республикалық әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауының I және II кезеңі қорытындыланды.

Айта кетейік, байқауға өтінім 2023 жылғы 15 наурыз бен 30 сәуір аралығында қабылданды. Байқау комиссияның жұмысы 2023 жылғы 1-12 мамыр аралығында өтті, оның қорытындысы бойынша Қор грантына үміткер ҮЕҰ-ның үздік 50 жобасы қалыптасты. Байқауға шағын қалалар мен шалғайдағы елді мекендерді қосқанда, Қазақстанның түкпір-түкпірінен барлығы 151 өтінім келіп түсті.

Биыл байқау үш номинация бойынша өтеді: "Құқықтық құзыреттер: құрмет мәдениеті және заңдылықты сақтау", "Халықтың денсаулығы мен әл-ауқаты: денсаулық сақтау қызметтеріне қолжетімділікті жақсарту" және "ҮЕҰ үшін коммуникациялар: халықпен жұмыс істеудің үздік стратегиялары". Байқаудың мақсаты - құқықтық мәдениет, денсаулық үшін ортақ жауапкершілік, ақпараттық сауаттылық сияқты әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуді ұсынатын үздік идеялар мен жобаларды анықтау және насихаттау.

Финалистерді III кезең күтіп тұр — онда әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі аясында қазылар алқасының алдында жобаларды қорғайды. Бұл 2023 жылдың 18 және 19 мамырында онлайн түрде өтеді. Комиссияның ең жоғары бағасын алатын ҮЕҰ Нұрсұлтан Назарбаев Қорының грантының иегері атанады.

Жәрмеңкеге қатысушыларды өз жобаларын таныстырудан және кәсіби нетворкингтен басқа "Сыни ойлау дағдыларын қалай дамыту керек" және "ҮЕҰ үшін медиа және ақпараттық құзыреттілік" тақырыптарында онлайн тренингтер күтеді.

Финалистерді құттықтаймыз және ақтық сайыста сәттілік тілейміз. Финалистермен мына файл арқылы таныса аласыз.

Байланыс телефоны: Ершиманова Гүлнәр Орынбасарқызы,
e-mail: innovaproekt@fnn.kz.

Түсініктеме қалдыру