ҮЕҰ саласындағы сарапшылар Әлеуметтік идеялар жәрмеңкесі туралы қандай пікірде?
Қазақстанда «Құқық, денсаулық және коммуникация – қазіргі әлемнің тұрақты дамуына бағдарлар» Әлеуметтік идеялар жәрмеңкесі басталды. ҮЕҰ-ның 50 өкілі екі күн бойы қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған шешімі мен бастамасын таныстырады. Қазылар алқасының бағалауы бойынша үздік жобалар Нұрсұлтан Назарбаев Қорынан идеясын іске асыруға грант алады.
Іс-шараға финалистер, байқау комиссиясы, сонымен қатар, ҮЕҰ саласындағы сарапшылар, азаматтық белсенділер, әлеуметтік кәсіпкерлер мен еріктілер қатысады. 2008 жылдан бері 300-ден астам коммерциялық емес ұйымдарды қолдаған жобамыз туралы олардың ой-пікірімен бөлісеміз.
ҚР әлеуметтік инноваторлар қауымдастығының президенті, әлеуметтік кәсіпкерлік мектебінің негізін қалаушы, бизнес жаттықтырушы, қоғам қайраткері Эмин Аскеров: «Кезекті жәрмеңкеге куә болғаныма өте қуаныштымын. Бұл өзінің тарихында азаматтық қоғамның барлық өкілі үшін беделді әрі бірегей алаңға, қоғамдық өмірде елеулі құбылысқа айналды. Жәрмеңке одан әрі қарқынды дамып, азаматтарымыздың әл-ауқатына үлес қосады деп сенемін».
«Ақпараттық-ресурстық орталық» қоғамдық қорының директоры, Алматы қаласы мәслихатының депутаты Алтынай Көбеева: «Жәрмеңкенің арқасында біздің құндылықтарымызды бөлісетін ұйымның аясы жыл сайын өсіп келеді. Бұл бір-біріне қолдау көрсету, өз күштерін әлеуметтік мәселелерді шешуге бағыттауға, өмірді жақсартуға, қызықты қылуға ниетті адамдар одан сайын бірігеді деген сөз».
«Жәрмеңкеге өз ісінің кәсіби мамандары жиналды, оларсыз еліміз қарқынды дамымас еді. Олар дұрыс жолда! Бүгінгі жәрмеңкеде жарияланған көптеген идея мен жоба жүзеге асады деп үміттенемін», - деді ерікті, медиа продюсер, тележүргізуші Адель Оразалинова.
«Қазақстанның дағдарыс орталықтары одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің басшысы Зүлфия Байсақова: «Қор әлеуметтік әріптестікті күшейтуге және билік органдары мен коммерциялық емес ұйымдар арасында диалог құруға, әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы жобалық өтінімдердің сапасын арттыруға бағытталған үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылдың жаңа, неғұрлым тиімді тәсілін енгізуді жалғастырып отыр».