news-img

Атырау қаласында Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов, «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры Сәбит Арынов және «Қазақстан халқына» ҚҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаеваның қатысуымен «Қамқорлық» ерте араласу орталығы ашылды.

Қалалық перзентхана базасында орналасқан орталық медициналық, әлеуметтік және педагогикалық бағытта жұмыс істейді. Жаңа оңалту орталығы балаларды 2023 жылдың шілдесінен бастап қабылдайды, жыл сайын нейро-ортопедиялық бұзылыстары бар және 3 айдан 3 жасқа дейінгі 600 бала кешенді оңалтудан өтеді.

«Жас балаларға диагноз әлі қойылмаған болуы мүмкін, бірақ қазірдің өзінде дамудың кешеуілдеуі байқалып отыр. Денсаулыққа мүмкіндігінше ертерек күтім жасау өте маңызды. Ерте жастағы ми мен жүйке жүйесінің керемет икемділігінің арқасында арнайы оңалтудың көмегімен болашақта ауыр мүгедектіктің алдын алуға немесе оның ықтималдығын едәуір төмендетуге болады.

«Қамқорлық» ерте араласу орталықтары ерте көмек көрсету үшін құрылған. Қазірдің өзінде 8 ерте араласу орталығы жұмыс істейді және жыл соңына дейін тағы 11 осындай орталық ашу жоспарға енген. Осылайша, Қазақстанның әрбір өңірінде кәсіби оңалту көмегі қолжетімді болады. Бұл ауқымды жобаның серіктестері ҚР Үкіметі, өңір әкімдіктері, «Қазақстан халқына» Қоры, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ», - деді «Қамқорлық қоры» корпоративтік қорының директоры Арайлым Еркінова.

 
 

 

 

Түсініктеме қалдыру