news-img

14 пен 18 жас аралығындағы 110 жас қазіргі кезде Бурабайдағы «KEGOC Оқу орталығы» демалыс аймағында уақытын тиімді өткізіп жүр. Мұнда Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен «El Umiti» корпоративтік қоры «El umiti – 2023» білім беру лагерін ұйымдастырған.

Білім беру лагері жастардың білім беру тәжірибесін жинақтап, дарынын дамытып, жаңа таныстар табуға деген тамаша мүмкіндік.

Лагерь жұмысына «Мың бала» Ұлттық олимпиадасының жеңімпаздары, «QABILET» қызметінде тестілеуден өткен оқушылар, «Birge Oqy» онлайн мектебінің оқушылары, «Тәуелсіздік дәуірі», Web-Хакатон және «GAMEDAY 2023» олимпиадасының жеңімпаздары қатысады. Қатысушылар арасында «El Umiti» КҚ бейнероликтер байқауы мен ертегілер байқауының жеңімпаздары да бар.

Күн сайын балалар шеберлік дәрістерге, тренингтерге және спорттық іс-шараларға қатысады. Бейнелеу өнері, шешендік өнер бойынша шеберлік дәрістері, «Эмоционалды интеллект» және «Коммуникацияның тиімді құралдары» тренингтері, ойын эстафеталары және т.б. өткізілді.

Тележүргізуші Асаубек Айымбетов сахналық қойылым бойынша шеберлік дәрісін өткізді. Қазақстандық «Адай» аспаптық триосы, «ALZABI» тобы мен Мархаба Сәби балаларға арнап өнер көрсетті.

Еліміздің танымал тұлғаларының қатысуымен дәрісте қонақтарға баса мән берілді. Лагерьде жастар жетістігімен бөлісетін және пайдалы ақпарат алуға көмектесетін тәжірибелі мамандардан құнды білім алады.

Түсініктеме қалдыру