news-img

Тұңғыш халықаралық турнирге Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстаннан 24 команда қатысты. Топ мүшелері – ЖОО студенттері.

Сайыс Бурабай ауданы Қатаркөл ауылында өтті. Турнирді Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы «El umiti» КҚ ұйымдастырды.

Пікірсайысшылар қалаларды салу мен басқару, ауылдық елді мекендерді дамыту, кибер шабуылмен күрес және т.б. тақырыптарды талқылады.

Пікірсайыста қатысушылар белсенділігімен, тақырыпты терең түсінуімен, дәлелді сөздерімен ерекшеленді.

Турнир төрешілерінің пікірсайыста 4 жылдан астам тәжірибесі бар әрі республикалық және халықаралық турнирлерде жетістікке жеткен.

Командалар логикалық әрі сенімді дәлелдер келтіру, аудиториямен тиімді қарым-қатынас жасау, шешендік техника сынды өзінің спикерлік әлеуеті бойынша бағаланды.

«Мечта Камшатки» командасы – Жансая Қанағатова мен Қанат Исламбеков турнирдің жеңімпазы атанды.

Үздік спикер – «Алилуя, мы в Боро» командасындағы Әнуар Сапаров.

Үздік төреші – Нұртас Күздеубаев.

Түсініктеме қалдыру