news-img

Үздік идеялардың авторлары Нұрсұлтан Назарбаев Қорының гранттарын алады. Олар мәдениет және өнер саласындағы шығармашылық жобаларға арналған республикалық гранттар байқауының жеңімпаздары атанды. Байқау 2023 жылдың 12 мамырынан 11 маусымына дейін өтті.

Байқауға барлығы 170-тен астам жоба келіп түсті, оның 50-і қысқа тізімге енді. Байқау комиссиясының мүшелері іріктелген жобалармен «ЖасSTAR» халықаралық шығармашылық жастар фестивалінде өткен финал аясында танысты.

Айта кетейік, бағдарламаның басты міндеттерінің бірі — суретшілер мен креаторлардың, сонымен қатар, мәдениет пен өнер саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жобалары мен жұмыстарын қаржыландыру және қолдау арқылы қазіргі ұрпақтың мәдениетін қалыптастыратын тиімді шығармашылық және идеялық ортаны қалыптастыру.

Қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтау кезінде жобаның байқау мақсаттары мен шарттарына сәйкестігі, қатысушының кәсібилігі мен тәжірибесі, шығармашылық тәсілдердің бірегейлігі, жобаның тұрақтылығы, жоба нәтижелерін пайдалану перспективалары және жобаны іске асыру мерзімдері мен шығыстар сметасының негізділігі сияқты өлшемдерді басшылыққа алды.

Осылайша, тоғыз жеңімпаз анықталып, Нұрсұлтан Назарбаев Қорының екі млн теңгеге дейінгі грант (жобаның қажеттіліктеріне байланысты) алады.

Байқау жеңімпаздары:

  1. Мұқатаева Алтыншаш — «Создание аранжировки и запись песни».
  2. Жаханова Фариза — «Документальный фильм «Я больше, чем то, что вы видите».
  3. Құрмашева Жанана — «Второй Центрально-Азиатский форум документального кино».
  4. Жарко Анастасия — «Детские ART-ACTIVITIES».
  5. Тәжқұранов Мейірбек — «Фотопроект «Бейне»
  6. Шәймергенов Әнуар — «Кинетическая инсталляция «Даладағы Сағым».
  7. Тырина Полина — «Qazaq bossa nova. Мини альбом со стандартами бразильской босса новы на казахском языке».
  8. Попов Антон — «Искусство в 3D формате». Создание цифровых копий монументального искусства».
  9. Әлмұхан Жұмагүл — «Smart Sabi. Развиваем детей, сохраняя национальные ценности».

Грант иегерлерін құттықтап, табыс тілейміз!

Түсініктеме қалдыру