Стипендиатка Фонда Айгерим Джалялетдинова: Не бойся, и тогда ты сможешь преодолеть любую преграду
Біздің бүгінгі кейіпкеріміз шығармашыл адам. Ол бала кезінен бимен және сурет салумен айналысқан. Жыл өткен сайын оның шығармашылыққа деген қызығушылығы арта түсті. Әрқашан өз қолымен жаңа нәрсе жасағысы келіп, сүйікті ісін махаббатпен жасауға тырысты.
Қазір біз шығармашылық университеттің студенті туралы айтады деп ойлайсыз ба? Жоқ, мүлде олай емес. Әңгіме болашақ химик Әйгерім Жалалетдинова туралы болмақ.
- Меніңше, химия шығармашылық мамандық, қалай аталса да, шын мәнінде солай. Әрине, онда көптеген ереже, теория мен дәлдік бар, сонымен бірге тәжірибе жасап, әртүрлі заттарды, түстерді алу да бар. Ең әдемі, ерекше түс зертханада алынады, сондықтан химикті суретші деп атар едім, - дейді Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының студенті Әйгерім Жалалетдинова.
Бойжеткен бос уақытында оқығанды ұнатады, әсіресе детектив шығармаларды ұнатады. Әрі ол грек және скандинавиялық мифологияға қызығады.
Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиаты атанған Әйгерім ғылымға ден қойды. Ә.Б.Бектұров атындағы ғылыми-зерттеу институтында дәрілік заттардың синтезін жүргізді.
- Осы тәжірибелердің арқасында «Жаратылыстану саласындағы ғылым мен білім беруді дамытудың өзекті бағыттары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда ұсынылған ғылыми мақала жаздым. Кейіннен мақала ғылыми еңбектер жинағына енгізілді. Әрине, бұл мен үшін үлкен жетістік, - дейді жас зерттеуші.
Әйгерім шәкіртақы туралы ұстазынан білген.
- Қор стипендиясы мен үшін жетістік, өзімнің тағы бір белесті бағындырғанымды түсіндім. Шынымен қаласам, бәрін істей алатынымды ұқтым. Басқалар жоққа шығарса да, өзіңізді қайрап, жүрек қалауын жасауыңыз керек. Байқауда жеңіске жеткеннен кейінгі менің ұстанымым: «Қорықпасаң, кез келген кедергіні еңсеріп, діттеген мақсатыңа жетесің!», - деді Әйгерім Жалалетдинова.