news-img

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының күндері Шымкент қаласында жалғасын тапты.

Бүгін арнайы шақырылған мамандар оқушылар мен студенттерге арналған бірқатар шеберлік дәріс өткізді.

«Талант №1» жекеменшік орта мектебінде пікірсайыс жүргізу, өңірде пікірсайыс қозғалысын дамыту, төрешілік қағидаттары туралы айтылды.

Сол оқу орнында педагог-робототехниктер үшін спорттық робототехника бойынша оқыту курсы жалғасты. Курсты еліміздің барлық өңірінде 7000-нан астам жасты даярлауда үлкен тәжірибесі бар «Роботек» робототехника мектебінің сарапшылары жүргізді. Мектеп мамандары оқушыларды жобалауға, құрастыруға қалай қызықтыруға болатыны туралы айтып, жұмыс әдістерімен бөлісті.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің болашақ журналистері мен филологтары пиар-менеджер, қоғаммен байланыс жөніндегі маман Оксана Әубәкірованың шеберлік дәрісіне қатысты. Дәріс қызықты телесюжетті қалай жасауға, БАҚ және әлеуметтік желілердің нақты аудиториясы үшін мазмұнды материал дайындауға болатыны туралы тәжірибесін бөлісті.

- ЖОО-да студенттер теориялық білім алады. Дегенмен, оқу кезінде тәжірибе жеткіліксіз. Сондықтан мұндай кездесуде мәтінмен жұмыс істеу, ұйым мен өзін-өзі насихаттау туралы көбірек айтамыз. Осылайша, студенттер телесюжет, БАҚ үшін жарияланым туралы, қандай критерийлер бар, аудиторияның назарын қалай аудару керектігі біледі, - дейді Оксана Әубәкірова.

Медицина ғылымдарының докторы, жақ-бет хирургы, Нұрсұлтан Назарбаев Қорының лауреаты Сухраб Жапаров Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттерімен қызықты кездесу өткізді. Сухраб Абайдуллаұлы 45-тен астам ғылыми еңбек пен 9 өнертабыс патентінің авторы, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» республикалық байқауының жеңімпазы. Хирург жұмысы туралы айтып, біліктілікті арттыру мүмкіндіктері туралы ақпаратпен бөлісті.

Қор қызметкерлерінің Шымкентте болған екінші күні «Қазақстанның алтын виолончелімен», Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының солисі, халықаралық байқаулардың лауреаты, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры сыйлығының лауреаты Ермек Құрманаев және «Астана Опера» мемлекеттік академиялық опера және балет театры опера труппасының жетекші солисі, қор сыйлығының лауреаты Татьяна Вицинскаямен кездесумен аяқталды.

Қазақстандық музыка шеберлері өз жетістіктерінің тарихы туралы айтып, виолончельде ойнау техникасымен, ән айту тәсілдерімен және шығармашылық тұрғыда білім алу мүмкіндіктерімен бөлісті.

Ертең Нұрсұлтан Назарбаев Қорының Шымкенттегі соңғы күні өтеді. 13 қазанда Қор басшыларының М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттерімен кездесіп, Қор жобалары таныстырылады.

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңес экс-төрағасы Игорь Рогов ЖОО-да Қазақстанның аса маңызды заңдарын әзірлеу тарихы туралы әңгімеледі.

Бұған қоса, Қордың бастамасымен ашылған «Қамқорлық» балаларды оңалту орталықтарына бару мен қазақстандық музыканттар мен әншілердің концерті жоспарланған.

Түсініктеме қалдыру