news-img

Астанада Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен балалар, кадеттер мен жасөспірімдер арасында WT таэквондодан республикалық турнир өтті.

«KING CLUB ASTANA» қоғамдық ұйымы ұйымдастырған турнирге Қазақстанның түкпір-түкпірінен 500 спортшы қатысты.

Бұл турнирде жекпе-жек ТК-5 форматында өтті (командалық жекпе-жек). Әр облыстан 5 спортшы қатысты.

Командалық есептің жеңімпазы 1000 доллар ақшалай сыйлық алды. Екінші орынға 500 доллар және үшінші орын алған командаға 300 доллар берілді. Жеңімпаздар кубоктар мен медальдар алды.

Жеке есепте жүлде қоры 800 000 теңге.

Тартысты сайыстағы турнирдің жалпыкомандалық қорытындысы:

        1 орын - Астана қ.;

        2 орын - Астана қ. «Қажымұқан» мектеп-интернеті;

        3 орын - Алматы қ.;

        3 орын - Павлодар қ. «Ким Сонг Су» таэквондо мектебі.

Түсініктеме қалдыру