news-img

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы "El umiti" корпоративтік қоры "ChemTalent: химия пәнінен олимпиада" байқауын өткізді.

Бұл жарысқа Астана қаласы мектептерінің 7-9 сыныптарында оқитын 40 оқушы қатысты. Олар "EL UMITI Talent" республикалық олимпиадасының жартылай финалистері.

Қатысушылар әрқайсысы екі адамнан тұратын 20 командаға бөлінді. Балалар байқау аясында ұсынылған тапсырмаларға сәйкес өз білімі мен дағдысын көрсетті.

Іс-шара мына мақсатқа бағытталған:
- академиялық қабілетін анықтау;
- химия саласындағы теориялық және тәжірибелік білімді тереңдету;
- дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау;
- химия пәнінен халықаралық олимпиадаларға қатысуға білім алушыларды даярлау;
- оқушылар арасында олимпиада қозғалысын насихаттау.

Жеңімпаздарды конкурстық комиссия анықтады, оның құрамына Қ.Сәтбаев атындағы Binom School мектеп-лицейінің оқытушылары мен "GenomiX" ЖШС өкілдері кірді. Ең көп балл жинаған қатысушылар I, II, III дәрежелі дипломдармен, сонымен қатар, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жүлделі орын иеленгендер:
- 3-орын - Ысқақова Сәния, №31 мектеп-гимназиясы, Кобжанов Микаэль, Х.Ж.Сәдуақасов атындағы мектеп.;
- 2-орын - Қонысбек Мейіржан, Ә.Бөкейханов атындағы №76 мектеп-лицей, Племянников Григорий, Т. Айбергенов атындағы № 16 орта мектеп;
- 1-орын - Алтанбекқызы Айзере, Қ.Сәтбаев атындағы Binom School, Сүлейменов Камила, №30 мектеп-гимназиясы.

Түсініктеме қалдыру