1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні
Осыдан 32 жыл бұрын, 1991 жылы Қазақстанда тұңғыш рет жалпыхалықтық президент сайлауы өтті. Сол кезде Нұрсұлтан Назарбаевты қазақстандықтардың 98,7% қолдап дауыс берді, содан бері Тұңғыш Президентпен бірге мемлекеттілігімізді қалыптастыруда, елдің халықаралық аренадағы орнын нығайтуда, нарықтық экономиканы дамытуда, Қазақстан халқының бірлігі мен тұтастығын қамтамасыз етуде ауқымды жұмыс атқардық.
Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен жас Қазақстан әлемнің геосаяси картасында беделді ойыншыға айналып, көптеген халықаралық маңызды бастама көтеріп, елдің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріндегі жеңісі мен жетістігі аз болмады.
Тұңғыш Президент қабылдаған бағыт біздің болашақ жетістіктерімізбен бірге тәуелсіз Қазақстанның әлеуетін одан әрі ашуға жол ашты. Мерейлі мерекеде Қазақстан еліне және халқымызға зор денсаулық, ашық аспан, бейбіт заман және толайым табыс тілейміз!