news-img

11-12 желтоқсанда Астанада жыл сайын саяси қайраткерлер, дипломаттар, беделді ғалымдар мен әлемдік ірі талдау орталықтарының жетекші сарапшылары бас қосатын Astana Club халықаралық пікірталас алаңының VII отырыс өтіп жатыр.

Іс-шараны ұйымдастырушы – Нұрсұлтан Назарбаев Қордың жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты (ӘЭСИ). 

Астана Клубының басты миссиясы – жаһандық тенденцияларға анализ жасау және жалпы әлемге және Еуразия өңіріне ықпал ететін маңызды мәселелердің шешімін табу. 

VII отырыс тақырыбы – «Бейбітшіліктің жаңа формуласы: Трансформация қарсаңында». 

Екі күн ішінде сегіз тақырыптық сессия өткізу жоспарланған: 

- «Баяулап қалған» әлемдік экономика: фрагментация қаупі және оны қалай шешу керек?;

- «Үлкен Орталық Азия: Ауғанстан және аймақтың болашағы»;

- «Санкциялар: Шынайылық арқылы тексеру»;

- «Таяу Шығыс: Аймақты не күтеді?»;

-  «Ұлы бөлініс: Блокализация дәуірі»;

- «Алыптар текетіресі: АҚШ пен Қытайдың әлемдік тәртіпте басымдыққа ие болу үшін таласы»;

-  «Уақыт таяп қалды:  Жаһандық климат мәселесі және оны қалай шешу керек?»;

- «ЖИ революциясы: Әлемнің соңы, біз бұл жөнінде не білеміз?».

Түсініктеме қалдыру