news-img

24 сағат ішінде 250-ге жуық команда «SmartCity», «Контент&Дизайн» және «Кино&Видео» сияқты бағыттар бойынша идеядан прототипке дейін IT саласында жобалар жасады. Ауқымды іс-шараға өңір жастарымен қатар Астана, Түркістан және Байқоңырдан келген ІТ саласының дарынды жастары қатысты.

Байқауға қатысушылар цифрлық сабақ жоспары мен ақылды туризмнен бастап сөйлейтін алфавитке дейінгі көптеген жоба ұсынды. Сонымен қатар, фестивальге ІТ, медиа және киноиндустрия саласында жетістіктерге жеткен спикерлер шақырылды, олар жастарға шеберлік дәрістер өткізіп, идеяларды бірлесіп талқылады.

- Дәл қазір біздің нарыққа креативті индустрияны қалыптастыратын жандар өте қажет. Оның ішінде ІТ саласы ерекше маңызға ие! Жасанды интеллект бағытына сұраныс барда бізге білікті әрі білімді жастардың жаңа жобалары әрқашан өзекті, - деді фестивальге қатысқан облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Ерлан Бәкіров.

«Inno.Fest» Qyzylorda 2023-те ең үздік тоғыз жоба болды. Әр жеңімпаз командаға қаржылай сертификаттар табысталды. І орын500 000 теңге, II орын 300 000 теңге және III орын 200 000 теңге. Байқаудың жалпы жүлде қоры 3 млн теңге.

SmartCity секциясының жеңімпаздары:

- І орын – Сұңқар Арал 2023 жобасы, Кикбаев Алтынбек;

- II орын – IDOS жобасы: Сәдібеков Ербол, Мырзабек Еркебұлан, Өскелең Ағжан;

- ІІІ орын –Mavericks жобасы: Аппаз Алдияр, Мырзабекова Аружан, Палимбетова Алина.

Контент&Дизайн секциясы:

  • І орын – 3D history of Kazakhstan жобасы: Ахметкәрім Аян, Юсуп Абылайхан, Марат Расул, Дастанбек Жаннұр, Калас Айбар;
  • II орын – Syr-lax жобасы: Ахметов Жарқынбек Серікұлы, Әубәкір Алтынай, Куанышбек Бегім;
  • III орын - Time Baty жобасы: Бекарысов Жанарбек Құралбекұлы, Тұрсынбай Елдос.

Контент&Видео секциясы:

  • І орын – Basqa жобасы: Алпамыс Бауыржанұлы, Жайлаубек Аружан, Балтабек Ринат, Ерназарұлы Нұрбол, Совет Раушан, Белдебекова Айзада;
  • II орын – 4G жобасы: Сырымқызы Айлуна, Айдарбек Инабат, Бақдәулет Әнел, Смағұл Малика;
  • III орын – Dream жобасы: Кенжеев Ержан, Серәлі Ислам, Құрманғазы Азат.

Биылғы жылы төртінші рет өткізіліп отырған Inno.Fest-те бірінші рет үздік қатысушыларға Astana ІТ университетінің 3 білім гранты, сонымен бірге Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің 3 білім гранты, Болашақ университетінің 3 білім гранты және Қызылорда Ашық университетінің 1 білім гранты табыс етілді.

Арнайы жүлде байқаудың ең жас қатысушысы - 6 жастағы Нұрзерек Нұрадиновке және ең үлкен қатысушы – 60 жастағы Мәулітхан Саматовқа табысталды.

Байқауды Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Аақпараттық технологиялар орталығы» КММ және Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Kyzylorda Hub» бизнес-инкубаторы ұйымдастырды. Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жобаның серіктесі болды.

Түсініктеме қалдыру