news-img

Астанада «Инва-СТО сервистік орталығының қызметін дамыту» жобасын жүзеге асыру қорытындысының тұсаукесері өтті. Авторы «Дос» тәуелсіз өмір орталығы» мүгедектердің қоғамдық бірлестігі. Жобаның мақсаты мүгедектер арбасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша ақысыз қызмет көрсету.

2023 жылы «Құқық, денсаулық және коммуникация – қазіргі әлемнің тұрақты дамуына бағдарлар» Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің қорытындысы бойынша алған идеяны ҮЕҰ-ға іске асыруға Нұрсұлтан Назарбаев Қорының гранты септігін тигізді. Осылайша 400-ден астам адам мүгедектер арбасын жөндеу, қызмет көрсету және таңдау бойынша кәсіби қызметке ие болды.

- Нұрсұлтан Назарбаев Қорына орталыққа да, Инва-СТО бағытының әлеуетін кеңейту және нығайтуға да мүмкіндік бергені үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Арба көбінесе тірек-қимыл аппараты бұзылған жандар үшін қозғалудың жалғыз жолы, егер арба бұзылса немесе істен шықса өмір де қиындайды. Сондықтан оларға сапалы техникалық қызмет көрсету және осы қызметтерді тегін ұсыну өте маңызды, өйткені әркімнің қымбат сервиске ақы төлеуге мүмкіндігі жоқ, - дейді Орталық басшысы Дина Ерділдинова.

Сонымен қатар, жобаға қатысушыларға әлеуметтік төлемдерге, мүгедек жандардың құқығын бұзуға, тұрғын үй кезегіне және т.б. қатысты заңгер мен психологтың кеңесі тегін берілді, олар үшін эмоционалды интеллект және тұлғааралық коммуникациялар жөніндегі тренингтер ұйымдастырылды. Осылайша, жоба аясында 800-ден астам адам қамтылды.

«ДОС» Тәуелсіз өмір» орталығының міндеті – мүмкіндігі шектеулі жандардың белсенді тәуелсіз өмірге келуіне, қоғамға сіңісуіне барынша жәрдемдесу.

Түсініктеме қалдыру