news-img

Жаңа маусымның стипендиаттары Айдана Жамансаринаны таныстырудан басталады. Ол А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің үшінші курсында «Балет артисі» мамандығы бойынша оқиды.

Айдана бір кездері шахматпен айналысып, спорттың осы түрінен бірінші разрядқа ие болып, Алматы қаласының екі дүркін чемпионы атанған. Музыканы сүйеді, фортепиано мен гитарада ойнайды. Әрі сурет салып, қолөнермен айналысқанды ұнатады. Бойжеткен өнер көрсетуге қажетті диадеманы өзі жасайды.

- 2021 жылы VII халықаралық «Өрлеу» хореографиялық оқу орындарының байқау фестивалінің 2-ші дәрежелі лауреаты атандым. Балет – бұл мен өзімді тапқан өнер. Бұл менің қуанышым мен шығармашылық көрінісімнің қайнар көзі. Би сезімімді көрерменге мағыналы қып жеткізуге мүмкіндік береді, - дейді Айдана Жамансарина.

Ол Нұрсұлтан Назарбаев Қорының шәкіртақысы жайлы бұрыннан білген және әрқашан оның иегері болуды армандаған.

Көптен күткен бұл арманыма үздік мұғалімдерімнің арқасында қол жеткіздім. Күн сайын олар мені шабыт беріп, техникалық дағдыларды ғана емес, сонымен қатар балет өнеріне деген сүйіспеншілік пен адалдық сезімін үйретті. Олардың қолдауы мен тәлімгерлігі маған осы байқауда көмектесті. Мен үшін Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиясы шығармашылығым мен қажырлы еңбегімнің ақталғанын білдіреді. Шәкіртақы өзімді өнерге арнауға, дамуға және жетілдіруге мүмкіндік беретін құрал, - дейді Айдана.

«Қанша қиын болса да, мақсатыңызға қарай нық қадам жасаңыз. Әрбір қиындық мүмкіндікке жол ашатынын ұмытпаңыз. Қолға алған шаруаңызға сүйіспеншілігіңіз артып, өз ісіңізге адал болыңыз», - дейді Қазақстан жастарына арнаған сөзінде дарынды стипендиат.

Түсініктеме қалдыру