news-img

Нұрсұлтан Назарбаев Қорында «Қазақстандықтардың білімін арттыру – әл-ауқаттың өсуіне жол» атты 2024 жылғы XX Республикалық әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі аясында өтетін биылғы байқау басталды.

Байқаудың мақсаты азаматтардың өмір сүру деңгейі мен сапасын, қаржылық, құқықтық, мәдени, кәсіби сауаттылығын арттыру сияқты әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуді ұсынатын үздік идеялар мен жобаларды анықтау және насихаттау.

Сауат адамның дамуына қол жеткізуге, елдің экономикалық және саяси өміріне саналы түрде араласуға мүмкіндік береді. Білімді халық сындарлы шешімдер қабылдауға, билік органдарымен белсенді қарым-қатынас жасауға және жоғары азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға қабілетті.

Халықтың білім беру құзыреттілігін арттыру сауаттылықты дамытуда және теңсіздікті төмендетуде маңызды рөл атқарады. Сауаттылық елдің даму деңгейінің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады және экономикалық жағдайды жақсарту, кедейлік деңгейін төмендету, демократия мен азаматтық қоғамды нығайту, қоғамның әлеуметтік дамуы сынды қоғам өмірінің әртүрлі саласындағы прогреске ықпал етеді.

Үш номинация бойынша өтетін байқауға үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін қатысуға шақырамыз:

   • «Қаржылық сауат ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың шарты ретінде».

   • «Азаматтарды жұмыспен қамтудың артуының маңызды факторы ретінде жаңа технологияларды игеру және тәжірибелік дағдыларды дамыту».

   • «Жеке өсу үшін білім беру құзыреттілігі».

Байқауды өткізудің мерзімі:

   • I кезең (2024 жылдың 15 ақпанынан 15 сәуіріне дейін) - тиісті талапқа сай өтінімдер мен құжат қабылдау, бастапқы іріктеу.

   • II кезең (2024 жылдың 22-30 сәуір аралығы) – жобаларды бағалау, Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесіне қатысушыларды іріктеу (үздік 50 жоба).

   • III кезең (2024 жылдың 13-14 мамыр аралығы) – Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінде үздік 50 жобаны қорғау. Жеңімпаздарды анықтау.

Өтінімнің шарты, ережесі және нысаны туралы толық ақпарат байқаудың парақшасында жарияланды.

Түсініктеме қалдыру