news-img

2019 жылығы 28 наурыз, бүгін  Назарбаев орталығында «Smart Zholy» акселерациялық бағдарламасы бойынша үздік инновациялық стартап-жобалар анықталды.

«Smart Zholy» бағдарламасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының 2017 жылдан бері іске асырылып келе жатқан жобасы. Ол жастарға жаһандық нарыққа шығуға мүмкіндік беретін бірегей алаң. Жоба бұл жылы Еуразиялық Топпен (ERG) бірлесе іске асырылды.

Smart Zholy – Қазақстанның жастарына арналған бағдарлама. IT-мамандар өз стартаптарын жетекші азиялық венчурлық қорларға ұсына отырып, халықаралық компаниялармен бірлесе жаңа инновациялық өнімдер мен сервистер құрастыра алады.

Ақтық іріктеуге саясат және қоғам қайраткерлері, жас ғалымдар және т.б. қатысты.

Алғашқы жылы жобаға Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды және Павлодар қалаларының стартаперлері ғана жобаларын ұсынды. Ал 2018 жылы бағдарлама 14 облыстық орталықтарымен қатар, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларын қамтыды.

Smart Zholy бағдарламасы өзінің сәтті жоба екенін дәлелдеді. Үш жылда қатысушылардан 230 өтінім келіп түсті. 2017-2018 жылдары 18 қазақстандық команда Сингапурда өздерінің жобаларын халықаралық деңгейде жалпыға паш етті.  

2018 жылы Smart Zholy көмегімен қазақстандық Intellection стартапына сингапурлық қордан венчурлық инвестиция тартылды. Webtotem стартапы Оңтүстік-Шығыс Азиядағы үздік стартаптардың ондығына қосылды және «Кәсіпорындарды бағдарламалық жағынан қамтамасыз ету үшін» санатында топ жарды.  

Тұңғыш Президент Қоры қолдауының нәтижесінде және Сингапурда тәжірибеден өткен соң «Nommi» командасы инвестиция алды. Компания саяхаттаушылар үшін роутер дайындайды. Ол арқылы адам әр кезде байланыста болады және роуминг үшін қосымша ақы төлемейді. Бұл өнімді АҚШ, Сингапур, Германия, Австралия, Канада, Ұлыбритания, Гонконг, Швейцария, Малайзия және т.б. елдердің азаматтары қолданады.

Биылғы жылғы сайысқа еліміздің барлық қалаларынан жастар қатысты. Өтінім 60-тан астам командадан, яғни 250-ден астам адамнан келіп түсті. Әр команданың құрамы екіден беске дейінгі мүшеден тұруы шарт және олар  ағылшын тілін еркін меңгерген болуы керек.   

Қазақстан Республикасы Елбасының Тұңғыш Президенті Қоры  атқарушы директорының орынбасары Сұлтан Айтжанов өз сөзінде: «Smart Zholy» бағдарламасының арқасында жастардың стартап-жобалары халықаралық деңгейге шығып жатыр. Бағдарлама инновациялар мен жаңа технологияларды дамытуға өз септігін тизізеді. Осылайша Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жеделдетілген жаңғырту және цифрлық экономиканы құру жөніндегі қойылған міндеттер жүзеге асырылуда», - деді.

Іріктеу нәтижесінде 20 команда tbasy, Smartremont, Opera Build, Metrobot, Sagrad Forms, Pythonist, Easy Sales, BIM Cost, Q Bit, MobyDev, Foxout, Tastamat, Turaqshare, Botbek, Maintender, Verigram, KPRG, GoCode, We'Q, Biometric) анықталды. Олар бүгін өз жобаларын әділқазыларға таныстырды.  

Өз кезегінде әділқазылар алқасы 10 стартап жеңімпазын іріктеп алды. Олардың қатарында: «Sagrad Forms», «Opera Build», «Turaqshare», «Pythonis»t, «Tastamat», «Verigram», «Biometric», «Otbasy», «Q-Bit», «GoCode».

Үздік стартап иелерін анықтаған әділқазылар алқасы білікті мамандардан құралды. Олар: ҚР Тұңғыш Президенті жанындағы IT-кеңес төрағасы Рашид Дүйсембаев, Enterprise Singapore ТМД және Ресей бойынша директор Рахид Наргунд, Оңтүстік-Шығыс Азиядағы Echelon Asia Summit ірі стартап-алаңының негізін салушы Тэдиус Ко.

 Әділқазылар таңдаған 10 команда Оңтүстік-Шығыс Азиядағы Топ-100 толықтырады және 2019 жылғы 23-24 мамыр аралығында Сингапурдегі Echelon Asia Summit стартап-алаңында өзінің жобаларын Азияның алдыңғы қатарлы венчурлық қорлары мен корпорацияларына таныстырады. 

 

Сайт: www.fpp.kz

Facebookhttps://www.facebook.com/fpp.kz/

Instagram: fpp_kz

Медиа жаңалықтар
Түсініктеме қалдыру